Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Биыл Алматы облысындағы орман шаруашылықтарына 10 техника сатып алынады

Өңірдегі орман шаруашылықтарының материалдық-техникалық базамен қамтылуы 72 пайызды құрайды. Бұл туралы Alataunews.kz тілшісіне сұхбат берген табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қанат Нүсіпбаев айтты.

12.06.2023
Аймақ

Оның айтуынша, Алматы облысында 7 орман шаруашылығы мен 1 жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі жедел қызмет мекемелерінде 632 қызметкер жұмыс жасайды. Оның 387-сі орман күзеті, 77-сі инженерлік-техникалық жұмысшылар. Биыл облыс әкімінің қолдауымен орман күзетіне 64 штаттық бірлік бөлініп, мамандар 1 наурыздан бастап жұмысқа кіріскен.

«Облыста 10 орман өрт сөндіру стансалары орналасқан, онда 111 қызметкер жұмыс жасайды. Жалпы орман шаруашылықтарының материалдық-техникалық базамен қамтылуы 72 пайызды құрап отыр. Оның ішінде, 14 дана өрт сөндіру көлігі, 14 тіркемелі су таратқыштар, 554 байланыс құралдары бар. Биыл техника сатып алуға 162,4 млн теңге бөлінді. Бұл ақшаға 1 дана өрт сөндіру көлігі, 1 тіркемелі су таратқыш, 1 трактор, 5 патрульдік автокөлік, 2 мотоцикл, 7 байланыс құралдары сатып алынады», – деді Қанат Нүсіпбаев.

Сонымен қатар басқарма басшысы 2023 жылдың өрт маусымына дайындық 6 наурызға дейін белгіленіп, техника, құрал-жабдықтар жөнделіп, жанар-жағармай алынғанын атап өтті.

«Өрт қаупі жағдайын бәсеңдету үшін 246,5 гектар жерді өртеп, өшірдік. Бұдан бөлек, аудандар көлемінде 7 және облыстық деңгейде 1 оқу-жаттығу өтті. Арнайы интернет портал арқылы орман қорына мониторинг жүргізіп отырамыз. Демалыс және мейрам күндері таулы аймақтарда, ормандарда уақытша посттар қойылады. Бұл ары-бері өткен көліктерді тіркеп, кез келген жағдайды бірден біліп отыруға мүмкіндік береді. Халыққа түсіндірме жұмыстары да үнемі жүргізіледі», — деді басқарма басшысы.

Айта кетейік, облыста мемлекеттік парктерді қоса алғанда 3,2 млн гектар орман қоры бар. Оның 2,2 млн гектары орман шаруашылықтарына тиесілі.

Тегтер: Алматы облысыҚанат НүсіпбаевҚонаев қаласыормантехника

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz