Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Алматы облысында «Алтын орда» базарындағы заңбұзушылықтарды жою мәселесі талқыланды

Облыс әкімінің орынбасары Рустам Исатаевтың төрағалығымен және түрлі мемлекеттік органдардың қатысуымен «Алтын орда» базарында жиын өтті.

09.06.2023
Аймақ

Жиында саудадан артық делдалдарды алып тастау, орындарды жалға алушылардан үстемесіз ақы алу, заңсыз жұмыс жасайтын шетелдік азаматтарды саудадан аластату, өнімдердің сапасын арттыру секілді мәселелер қарастырылды.

«Қазіргі таңда базарда мемлекеттік құзіретті органдар мамандарынан құрылған штабы жұмыс істеп жатыр. Кез келген азамат осы штабқа келіп, мәселесін айтуға, арыздануына болады. Базар басшылығымен бірлескен жұмыстар ары қарай да жалғасады. Жалпы барлығымыз күш біріктіре отырып, сауда кешеніндегі тәртіпті қалпына келтіруіміз қажет», — деді ҚР сауда және интеграция министрлігінің сауда комитеті төрағасының міндетін атқарушы Айдар Әбілдабеков.

Сондай-ақ азық-түліктің, тауарлардың бағасы негізсіз өскен жағдайлар да зерттелмек.

«Базарды аралап та шықтық. Барлығы көтерме бағада саудаланып жатыр. Мысалы, пияз бағасы 150 теңге, картоп 200 теңге, ерте піскен көкөністер де нарықтағы бағада тұр. Жалпы базардағы баға ашық болуы тиіс. Тіпті, сауда орнына кіретін құннан бастап, сауда жасау кезіндегі қаражат көлемі айқын болуы керек», — Айдар Әбілдабеков.

Бұған дейін Бас прокуратура және мемлекеттік органдармен тексеру нәтижесінде санитариялық, ветеринариялық, экологиялық, су, еңбек, сәулет-құрылыс, өртке қарсы, салықтық бақылау, сондай-ақ бәсекелестікті қорғау саласында 300-ден астам заңнама нормаларын бұзу жағдайын анықтаған болатын.

Осыған сәйкес, 1 маусым күні ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қолданыстағы заңнамаға сәйкес түбегейлі шаралар қабылдау қажеттілігін айтып, тапсырма берген. Оның ішінде, «Алтын Орда» базарының қызметін ретке келтіру және бағаны қалыптастыруда ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында қоғамдық бақылауды ұйымдастыру қажет екенін сөз еткен еді. Сондай-ақ оның аумағында барлық заңбұзушылықтар толығымен жойылғанға дейін уәкілетті мемлекеттік органдар қызметкерлерінен құралған тұрақты мобильдік топ құру тапсырылған.

Айта кетейік, «Алтын орда» базарында 5 мыңнан астам сауда орны бар, оған келушілер күніне шамамен 50 мың сатып алушыға жетеді. Базар Алматы қаласы мен Алматы облысындағы көкөніс, ет өнімдері мен жемістердің көтерме саудасының 40%-ын және бөлшек саудасының 70%-ына дейін қамтиды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Alatau News (@alataunews.kz)

Тегтер: Алматы облысыалтын ордабазарБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жүк көлігі жеке тұрғын үйге соғылды

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысында полиция трассаларды дрондар арқылы бақылауды күшейтті

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қазақстан XXV қысқы Олимпиадада нешінші орын алды?

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қонаевта жаңа Конституция жобасы талқыланды: жастармен кездесу өтті

Қорлан Нұрланқызы
22.02.2026

Көктөбе телемұнарасында 15 наурызға дейінгі кері санау таймері іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz