Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматыда 18 елдің шахматшылары бақ сынап жатыр

Алматыда 18 елдің шахматшылары Азия чемпионы титулы мен ФИДЕ-2023 Әлем чемпионатына қатысу құқығына ие болу үшін бақ сынауда.

05.06.2023
Аймақ

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Қазақстан шахмат федерациясы өкілдері, Азия шахмат федерациясының бас хатшысы Хишам Аль-Тахер және үнді шахматшысы, шахматтан 2016 жылғы Азия чемпионатының жеңімпазы Панаяппан Сетурманның қатысумен баспасөз конференциясы өтті.

Бұған дейін хабарланғандай, Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өткен салтанатты шараны Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев, Қазақстан Шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов және Азия шахмат федерациясының бас хатшысы Хишам Аль-Тахер ашты.

Тимур Турлов мемлекет басшысының қолдауының арқасында Қазақстан 2023 жылы шахматтың әлемдік орталығына айналғанын атап өтті.

«Халықаралық жарыстарды өткізу тәжірибесі біздің шахмат федерациясының жұмысын күшейтуге, елімізде шахматты дамытуға көп жұмыс жасауға көмектеседі, осылайша болашақта бұдан да көп чемпиондар, мықты шахматшылар шығады», — деді ол.

RAI президенті шахматтан құрлықтық Азия чемпионатында көрермендерді қызықты интеллектуалды ойындар күтіп тұрғанын және турнир қазақстандық балаларды осы тамаша ойынды белсенді үйренуге шабыттандыратынына сенім білдірді.

Өз кезегінде Хишам Аль-Тахер Қазақстан Президенті Қ. Тоқаевқа елде шахмат спортының дамуына көрсеткен қолдауы үшін, Алматы әкімі Е. Досаев пен Т. Турловқа чемпионатты осындай жоғары деңгейде ұйымдастырғандары үшін алғыс білдірді.

Ашылу салтанатынан кейін Бірінші тур өтті, оның нәтижесі бойынша Open-чемпионатта қазақстандық гроссмейстер Рина Жұмабаев қарсыласына ешқандай мүмкіндік қалдырмай, сенімді жеңіске жетті. Өз жұптарымен өткен ойында Мұртас Қажғалеев, Денис Махнев, Нөгербек Қазбек және басқалары жеңіске жетті. Шетелдік ойыншылар арасынан ерекше тартысты ойын партиялары Панаяппан Сетруман (Үндістан), Шамсутдин Вахидов (Өзбекстан) және ирандық Данешвар Бардия арасында болды.

Әйелдер чемпионатының Бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша Қазақстан шахматшылары – Арнаш Бауыржан, Лия Құрманғадиева, Әминә Қайырбекова жеңіс тұғырынан көрінді.
Еске салайық, шахматтан ерлер арасындағы ашық біріншілік пен әйелдер арасындағы чемпионатты қамтитын құрлықтық Азия чемпионаты Швейцария жүйесі бойынша, ФИДЕ ережесіне сәйкес 9 турдан тұрады. Оған Азияның 18 елінен 128 мықты ойыншы қатысуда. Жарыс 2023 жылдың 12 маусымына дейін жалғасады. Шараның жүлде қоры 100 000 АҚШ долларын құрайды.

Ашық чемпионаттың төрт жеңімпазы және әйелдер чемпионатының екі жеңімпазы биылғы жылдың 29 шілдесі мен 25 тамызы аралығында Бакуде өтетін ФИДЕ–2023 әлем чемпионатына қатысу құқығына ие болады. Әлем кубогының жеңімпаздары шахмат әлеміндегі ең жоғары атақ – шахматтан әлем чемпионы атағы үшін таласады.

Шахматтан Азия құрлықтық чемпионатын ұйымдастырушылар – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Азия шахмат федерациясы, Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Қазақстан шахмат федерациясы.

Тегтер: алматышахмат

Соңғы жаңалықтар

Стандарты служебной этики государственных служащих

Николай Иващенко
20.03.2026

Добраться на аэротакси из Алатау до Алматы можно будет за 10 минут – Бозумбаев

Николай Иващенко
20.03.2026

Алатау — город будущего: ряд мировых компаний планируют запустить свои проекты в новом городе

Николай Иващенко
20.03.2026

ИИ-лекции и открытые встречи прошли по всей стране в рамках Digital Nauryz

Николай Иващенко
20.03.2026

Молодежный форум прошел в Талгарском районе

Николай Иващенко
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz