Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Жол апатынан қаза тапқан балалар саны бір жылда бірден 23,8% өскен

Биылғы қаңтар-сәуір айларында елімізде 3,4 мың жол-көлік оқиғасы тіркелді – бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,3%-ға аз. Оның ішінде 404 оқиғада (немесе 12,1%) өлім-жітім болған, деп хабарлайды Energyprom.kz сайты.

02.06.2023
Арнайы жоба

2,9 мың жол-көлік оқиғасы жүргізушілердің, 81 оқиға – жаяу жүргіншілердің және жол қызметтері мен мердігерлердің кінәсінен 1 оқиға болған.

Сондай-ақ, елдегі барлық жол апаты арасында 2,6 мың оқиға ашық ауа райында, 177 жағдай – бұлтты күндері, 128 жағдай – қар жауғанда, 72 — жаңбыр кезінде, 25 — тұман кезінде тіркелген.

Өңірлік бөліністе жол апаттары көбінесе Алматыда тіркелген: жыл басынан бері – 957 жағдай, (жылына -0,3%). Антилидерлер үштігіне Алматы (336 жағдай, — 49,5%) және Жамбыл (305 жағдай, — 22,6%) облыстары да кірді.

Ең аз жол-көлік оқиғасы Ұлытау облысында тіркелген (жыл басынан бері 13 жағдай). Одан кейін Солтүстік Қазақстан (64 жағдай) және Қарағанды (82 жағдай) облыстары тұр.

Биылғы қаңтар–сәуір айларында республика бойынша екі облыста ғана жол-көлік оқиғасы саны артқан: Батыс Қазақстан (19,7%-ға, 85 жағдайға дейін) және Павлодар (1,6%-ға, 129 жағдайға дейін) облыстары. Тағы Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында – ЖКО саны өзгеріссіз қалған.

Сондай-ақ, биыл қаңтар-сәуір айларында жол апатынан 4,8 мың адам зардап шеккен – бұл өткен жылмен салыстырғанда 14,8%-ға аз. Жараланғандар саны 15,6%-ға – 4,3 мың адамға дейін қысқарған, олардың арасында 2,4 мың ер адам және 1,9 мың әйел бар. Жарақат алғандар арасында кәмелетке толмаған 799 бала болған (-16,6%). Тағы 2,2 мың адам ауруханаға жатқызылды – бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,4%-ға аз.

Жыл басынан бері 522 адам қаза тапқан, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,3%-ға аз, оның ішінде 375 ер адам мен 147 әйел бар. Қаза тапқандар арасында кәмелетке толмаған 52 бала болды және бұл санатта бір жылда бірден 23,8% өсім байқалған.

Тегтер: Жол апатыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

CREATOR: gd-jpeg v1.0 (using IJG JPEG v80), quality = 80

Алматы облысында 52 миллион көшет отырғызу жоспарланған

Қорлан Нұрланқызы
24.04.2026

Алматы агломерациясын дамыту: газ, жол және жаңа мектептер мәселесі талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
24.04.2026

Қонаевта 30 жыл жиналған қоқыс үйінділері тазартылды

Қорлан Нұрланқызы
24.04.2026

Жүздеген елді мекен қамтылады: Алматы облысы сенбілікке дайындалып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
24.04.2026

Марат Сұлтанғазиев Жамбыл ауданындағы өндіріс орындарын аралады

Қорлан Нұрланқызы
24.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz