Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге тағы 1,7 млрд теңге берілді

Түркияның оңтүстік-шығысында ақпан айының басында болған жер сілкінісінен зардап шеккендерге «Евразия» СК жалпы сомасы 3,5 млн еуро немесе теңгеге есептегенде 1,7 млрд теңгеден аса төлем жасады.

30.05.2023
Жаңалықтар

Атап өтетін жайт, зардап шеккен аудандардағы үйлердің жартысы Түркиядағы жер сілкінісінен міндетті сақтандыру бағдарламасы (TCIP) арқылы сақтандырылған. Аталған бағдарлама бойынша шығын 29 млрд түрік лирасынан асып кетті. Оның ішінде 22 млрд-қа жуық түрік лирасын қайта сақтандыру бағдарламасы бойынша халықаралық сақтандыру компаниялары төледі.

Қазір сақтандырушы компаниялар табиғи апаттың кесірінен мүлкіне зиян келген сақтанушылардан 491 мыңға жуық өтініш алған. 362 мыңнан аса үйге аса қатты зақым келмеген. Оларды қайта жөндеуге болады. 36 мыңға жуық үйге қатты зиян келген. Дегенмен оларға да күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 93 мыңнан аса үй толығымен қирап қалған.

Түркия Үкіметінің ақпаратына сәйкес, 8 мыңнан аса ғимарат, оның ішінде тұрғын үй толығымен сүріліп тасталды.

«Өкінішке қарай, мұндай жойқын апаттан халық қатты жапа шегеді. Түркиядағы жер сілкінісі 50 мыңнан аса адамның өмірін қиды. Алайда миллиондаған адам әлі де тұрмысын түзеп, үйлерін қайта тұрғызып, оқуын, жұмысын жалғастыра алады. Біз түрік халықының бұрынғы өміріне тезірек қайта оралуына жағдай жасау үшін төлемдерді тез арада жасауға дайынбыз», – деді «Евразия» СК басқарма төрағасының орынбасары Нұрмұхамед Төлбаев.

Оның айтуынша, «Евразия» СК Түркиядағы жер сілкінісінен міндетті сақтандыру TCIP, сондай-ақ тұрғын және коммерциялық мүлікті ерікті сақтандыру бағдарламаларына қатысады. «Евразия» СК Түркиядағы жер сілкінісі бойынша қайта сақтандыру келісімшарттарының резерві 11,2 млн еуро немесе 5,3 млрд теңге болатынын жеткізді.

Дәл қазір түркиялық сақтандыру компанияларынан келіп түскен өтініштердің 57%-ы іске асты. Сақтандыру төлемдері бірнеше жылға созылуы мүмкін. Түркия Үкіметінің есебі бойынша, жер сілкінісінен кейінгі зардап 103 млрд еуро немесе ЖІӨ-нің 9%-ы болып отыр.

Тегтер: жер дүмпуіТүркия

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz