Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында екі ота бір уақытта жасалды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының дәрігерлері жүкті әйелге қажетті екі отаны бір уақытта жасады.

30.05.2023
Аймақ

Іле ауданының тұрғыны ауруханаға ауыр жағдайда келіп түсті. Жүктіліктің 36 аптасында хәлі нашарлап, денесінің ісінуіне шағымданып келген науқастан дәрігерлер терең тамыр тромбозын анықтаған. Тромбоэмболиялық асқынулардың жоғары қаупін ескере отырып, дәрігерлер шұғыл консилиум өткізіп, емдеудің радикалды тактикасын қабылдады. Бір мезгілде кардиохирургтар мен акушер-гинекологтардың бақылауымен Кава-сүзгісін (қан ұйығыштарына арналған тұзақ) және кесарь тілігі жүргізілді.

Кава-сүзгіні кардиохирург дәрігерлер Сергей Мұсаев және Арман Садықов орнатты. Бұл тамырлы хирургияда тәжірибені қажет ететін жоғары технологиялық, аз инвазивті операция.

«Мұндай қан ұюы қолайсыз салдарға әкелуі мүмкін. Операцияның басында біз тамырдың катетеризациясын жасадық. Әрі қарай, Кава сүзгісі катетерге салып, белгіленген нүктеге ауыстырдық. Кава сүзгісі осы уақытта арнайы капсулада болды. Қан ұйығышы қажетті жағдайға жеткенде, біз капсуланы алып тастадық. Кава сүзгісі дұрыс орналасып, тамыр қабырғаларына дұрыс орналасты», — дейді дәрігерлер.

Қан ұйығышын сәтті орнатқаннан кейін науқас босану бөлмесіне көтерілді. Аталған клиниканың акушер-гинекологтары кесарь тілігін сәтті жасады.

«Науқас бізге Іле ауданынан ауыстырылды. Бұл оның бесінші жүктілігі, оған дейін барлық 4 босану кесарь тілігімен аяқталған болатын. Осы жүктілік кезінде науқаста тромбоз байқалып, ауруханаға жүгінді. Дәрігерлер жүкті әйелге кава сүзгісін орнатқанан кейін, біз оны перзентхана бөліміне ауыстырып, аман–есен босандырып алдық», — дейді акушер-гинеколог Ұлтай Дауылбекқызы.

Осылайша, уақтылы ауруханаға жүгіну, диагностика, заманауи тәсілдерді қолдану және кава сүзгісін орнатумен хирургиялық емдеу өкпе эмболиясы сияқты ауыр асқынулардың алдын алуға мүмкіндік берді. Бұл ана мен баланың өмірі мен денсаулығын уақытылы аман алып қалдық дегенді білдіреді. Алматы көпсалалы ауруханасы бөлімшелерінің үйлесімді жұмысы, мамандардың кәсібилігі мен жанашырлығы ғана осындай нәтижеге әкелді.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарота

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында заңсыз қоқыс полигонындағы өрт оқшауланды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында 1,5 миллион тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі жиналды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жүлде алған Алматы облысының спортшылары марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында туристік нысандарға апаратын 95 шақырым жол жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz