Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында «Менің туым – менің мақтанышым» атты онлайн челленджі өтеді

Бүгін Алматы облысы әкімдігінің жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі өңірлік комиссияның алғашқы отырысы өтті.

29.05.2023
Аймақ

Жиында 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күнін атап өту бойынша ұйымдастырылатын шаралар және аудандардағы рәміздерге қатысты бірқатар мәселелер талқыланды.

Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бота Елеусізованың мәліметінше, биыл облыста мереке кең көлемде атап өтіледі. Ол үшін арнайы кешенді жоспар бекітілген.

«2 маусымнан бастап «Менің туым – менің мақтанышым» онлайн челленджі барлық аудан, қалаларда өтуі қажет. 4 мамыр күні Астана сағатымен 10.00-де Мемлекеттік туды көтеру рәсімі мен гимн ойнатылады. Елдімекендерде стендтер, баннерлер ілініп, безендіру жұмыстары жүргізіледі», — деді басқарма басшысы.

Бота Елеусізова Ұйғыр ауданындағы әкімдік аппаратында ілініп тұрған тудың жыртылып, ескіргенін, жарықтандырылмағанын да айтты. Осы ауданда орналасқан мектептер мен балабақшаларда ту орнатылмаған және оларды ауыстыру мен жою туралы аудан басшылығынан тапсырма түспеген.

Комиссияның келесі отырысында Райымбек, Ұйғыр аудандары мен Қонаев қаласындағы мәселелер бүге-шүгесіне дейін қаралады.

Ал жиынға төрағалық еткен облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахым мерекеге орай өтетін шаралардың жоғары деңгейде ұйымдастырылуы қажет екенін атап өтті.

Тегтер: Алматы облысырәміздер күнічеллендж

Соңғы жаңалықтар

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу жолдары

Диана Ахметова
26.08.2026

Меншік құқығын қорғаудың маңызы

Диана Ахметова
26.08.2026

Жасыл ел – жарқын болашақ

Диана Ахметова
26.08.2026

Ата Заң және қоғам дамуы

Диана Ахметова
26.08.2026

Заңды білу – өз құқығыңды қорғау

Диана Ахметова
26.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz