Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қарасай ауданында бетон өндірісі жолға қойылып, мектептер салынып жатыр

Алматы облысының әкімі жұмыс сапары аясында Қарасай ауданында салынып жатқан бірқатар әлеуметтік маңызы бар жобалармен танысты. Оның ішінде бетон және темекі шығаратын екі зауыт бар, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі өңірлік баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

29.05.2023
Аймақ
Фото: Жұмабай Мұсабеков

Фото: Жұмабай Мұсабеков

Біріншісі «Алтын Таға» ЖШС-не тиесілі, Жібек жолы ауылында салынып жатыр. Марат Елеусізұлы зауыт ғимараттарын аралап, жалпы саны 19 ғимараттан тұратын бұл ірі өндірістік кешен жобасының ерекшеліктерімен танысты. Оның құны 32 миллиард теңгені құрайды. Мұның барлығы жеке инвестициялар. Мұнда жылына 14 мың тоннаға дейін дайын өнім шығарылатын болады, сондай-ақ 1200 жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.

Фото: Жұмабай Мұсабеков

Осы алаңда тағы бір кәсіпорын – «КТ&G» ЖШС жобасы таныстырылды, бұл кәсіпорын Елтай ауылдық округіне қарасты Көкөзек ауылында салынатын болады. Бұл жерде электронды темекі шығарылады. Жобаның құны 200 миллион долларды құрайды. Өндіріс қуаты жылына 108 млн дайын өнім шығаруға жеткілікті. 500 жаңа жұмыс орны ашылады. Инвесторлардың өкілі – кәсіпорын директоры Ким Нам Хванды тыңдаған облыс әкімі конкурстық рәсімдерді созбауды тапсырды.

Сондай-ақ облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев жұмыс сапары барысында мектеп құрылысына қатысты жобаларға ерекше назар аударды. Атап айтқанда, екі тұрғын үй кешенінің аумағында мектеп салынбақ.

Фото: Жұмабай Мұсабеков

1 of 5
- +

Мәселен, Іргелі ауылдық округіне қарасты «Асыл арман» тұрғын үй кешенінде 2000 орындық орта мектеп салынып жатыр. Тапсырыс беруші — «Адвенто» ЖШС. Жобаның сметалық құны – 5 миллиард 300 миллион теңге. Құрылыс 2021 жылдың 1 сәуірінде басталды. Алып жатқан аумақ 6,5 гектарды құрайды. Мұнда балабақша мен педагогтарға үй салу да қажет болғандықтан, облыс әкімі жоғарыда аталған серіктестік басшылығына стадионды қайта құруды ойластыруды тапсырды.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚарасай ауданықұрылысмектеп

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында заманауи спорт нысаны пайдалануға берілді

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

5–7 мамырға ауа райы болжамы: жаңбыр, жел және тұман күтіледі

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

Алматы облысында жасөспірімдер арасында жаппай төбелес болды

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

Алматы облысы әлем мергендерін жинады: Әлем кубогы басталды

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

Үш күнде 760 тонна қоқыс: Алматы облысында ауқымды тазалық акциясы өтті

Қорлан Нұрланқызы
03.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz