Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Мектеп түлектері биыл 20-22 маусымда аттестат алады

Ал 11-сынып оқушыларының мемлекеттік емтиханы 5-19 маусым аралығында өтеді. 

25.05.2023
Жаңалықтар

Биыл Қазақстанда оқу жылы 34 аптадан 36 аптаға дейін ұзартылды. Осыған сәйкес оқу жылы 31 мамырда аяқталады. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында биыл оқу жылының аяқталуы бойынша қай шара қашан өтетінін айтты.

Министрідң айтуынша, Қазақстан мектептерінде 3,7 млн-нан астам оқушы оқиды. Оның ішінде 172 мың түлек 11-сыныпты бітіреді. Оның ішінде «Алтын белгіге» үміткерлердің саны – 6,8 мың оқушы.

Оқу жылының аяқталуы бойынша салтанатты іс-шараны 1 маусымда – Балаларды қорғау күнін мерекелеу шеңберінде өткізу жоспарланған.

Ал аттестаттарды салтанатты табыстау 20-22 маусым аралығында өтеді.

Қорытынды емтихандар 9-сыныптарда 4 пәннен 2-13 маусым аралығында, ал 11-сынып түлектері үшін 5 пәннен 5-19 маусым аралығында болады.

9-сынып түлектерінің емтихандары:

1. оқу тілі бойынша жазбаша емтихан (2 маусым);
2. математикадан жазбаша емтихан (6 маусым);
3. тіл және әдебиет бойынша жазбаша емтихан (9 маусым);
4. таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, шет тілі) (13 маусым).

11-сынып оқушыларының мектеп бітіру емтихандары:

1. оқу тілі бойынша жазбаша емтихан (5 маусым);
2. алгебра және талдау бастамалары бойынша жазбаша емтихан (8 маусым);
3. Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан (12 маусым);
4. тіл және әдебиет бойынша жазбаша емтихан (15 маусым);
5. таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, шет тілі) (19 маусым).

Тегтер: аттестатҚазақстанмектеп

Соңғы жаңалықтар

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жүлде алған Алматы облысының спортшылары марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында туристік нысандарға апаратын 95 шақырым жол жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz