Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Биыл Алматы облысында сыбайлас жемқорлыққа байланысты 19 қылмыс жасалған

Мұны облыс әкімдігінде өткен сыбайлас жемқорлық мәселелері туралы жиналыста өңірлік Антикор басшысының орынбасары Нұрсұлтан Бекинов айтты.

25.05.2023
Аймақ

«Биыл облыста сыбайлас жемқорлыққа қатысты 19 қылмыс тіркелді. Бұл қылмыстарға 27 адамның қатысы бары анықталды. Оның ішінде облыс басшылығынан 3 адам бар», — деді Нұрсұлтан Бекинов.

Департамент басшысы орынбасарының айтуынша, қазіргі таңда Антикор барлық болған жағдаяттарды әлеуметтік желіде кеңінен таратып жатыр. Бұл да сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстарды алдын алу шараларының бірі.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Бекинов мұндай қылмыстар жылдан-жылға қайталануы назар аударарлық әрі қауіпті жағдай екенін айтты.

«Мысалы, 2020 жылы Қарасай ауданы әкімінің орынбасары мердігер компаниядан 32 миллион теңге алғаны үшін ұсталды. Соттың шешіміне сәйкес, ол 75 миллион теңге айыппұл төледі. 2021 жылы кәсіпкерлік басқармасының басшысы 33.5 мың доллар пара алып, 100 миллион теңге айыппұл төледі. Биыл мәдениет басқармасының басшысы ұсталды. Ол халық шығармашылығы орталығының басшылығымен бірге бюджеттен 3 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілініп отыр. Іс сотқа жіберілді. Бұл кісілердің барлығын сіздер танисыздар, әріптес болғансыздар», — деді басқарма басшыларына Антикор өкілі.

Жиында сыбайлас жемқорлық туралы Заңға енгізілген өзгерістер туралы да сөз етілді. Оның бірі – 2019 жылдан бастап пара алып, сотталғандарға рақымшылық жасалмайтыны жайлы болды. Яғни, қылмыскер 7 жылға сотталса, 7 жыл бойы түрмеде отырады. Мұнымен қоса, темір торға тоғытылғандар орташа қауіпсіздіктегі мекемелерде жазасын өтейді.

Кездесу соңында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің қызметін ұйымдастыру тәсілдерін қайта қарау ұсынылды.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында педагогтерге арналған оқыту семинары өтті

Мөлдір Иманмади
20.04.2026

Іле ауданында газ жарылды: үй толық қирап, төрт адам зардап шекті

Қорлан Нұрланқызы
20.04.2026

Алматы–Өскемен тасжолындағы апат: 11 адам ауруханаға түсті

Қорлан Нұрланқызы
20.04.2026

«Байсейіт – Көкпек» жолы жабылады: жүргізушілерге ескерту жасалды

Қорлан Нұрланқызы
20.04.2026

Мұхтар Шаханов өмірден өтті

Қорлан Нұрланқызы
19.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz