Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының 1200 тұрғыны қаржылық сауатын арттырды

«AMANAT» партиясы мен HALYK BANK бірлесіп қолға алған «Қарызсыз қоғам» жобасы өз жұмысын жалғастырып жатыр. Аталған жоба аясында Алматы облысына қарасты Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Іле, Қарасай, Кеген, Талғар аудандарында 1200 адам қаржылық сауатын арттырды. 

24.05.2023
Аймақ

«Оқыту курсы тұрғындарға ұнап жатыр. Халыққа пайдалы жоба екені жиі айтылуда. Ауыл азаматтары қаражатты үнемді, тиімді жұмсауды үйреніп келеді. «AMANAT» партиясы мен HALYK BANK-тың өкілдері ауылдарды аралап, тұрғындардың қаржылық сауатын арттыруда», – деді Алматы облысы бойынша «Қарызсыз қоғам» жобасының менторы Зәмзәгүл Сламбекова.

Оның айтуынша, қаржылық сауатты арттыру курсына көбінесе жұмысшылар, бюджет саласының мамандары қатысып жатыр. Мәселен, жобаға қатысушылар арасында Қарасай ауданында жеке кәсібін ашқысы келетін адамдар көп. Олар бизнес жоспар құруды, мемлекеттік гранттар мен банктің тиімді құралдарын дұрыс пайдалануды үйренуде.

«Ауыл тұрғындары қаржыны тиімді жұмсап, табысты арттыру жолдарын білгісі келеді. Осы мақсатта қатысушыларға түрлі дәріс өткізіп, үй тапсырмасын береміз және пайдалы мәліметтермен бөлісеміз. Сарапшылар кіріс-шығысты есептей білуді, қаржыны ұтымды жоспарлауды, дұрыс мақсат қоюды үйретеді», – деді ментор.

Зәмзәгүл Сламбекова әдетте несие төлемін кешіктірген адамдар банк қызметкерлерінен бой тасалап, тұтқаны көтермейтінін немесе телефон нөмірін ауыстырып тастайтынын атап өтті. Яғни, тұрғындар банкке барып, жағдайын түсіндіруден тартынады. Мамандар жауапкершіліктен жалтармай, банк қызметкерлерімен диалог құруға кеңес береді. Себебі жағымсыз несие тарихы бар адамдар мемлекеттік бағдарламаларға, жеңілдікпен берілетін несиеге үміттене алмайды.

«Несиесін 11 ай төлемей келген тұрғынға көмектестік. Оның барлық есепшоты бұғатқа түскен. Несие тарихы бұзылған. Заңгерлер ыңғайлы кесте жасап, берешекті аз-аздан төлеуге кеңес берді. Қазір ол адам қажетті құжаттарды жинап жатыр. Елімізде «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заң қабылданғаны белгілі. Алайда жеке тұлғаның банкрот деп жариялануы – көп адам ойлағандай оңай процедура емес. Банкроттықтан кейін ол адамға 7 жыл несие берілмейді. Сондықтан қаржылық беделге нұқсан келтірмеуді, қаражатты байыпты жұмсауды үйрену артық етпейді», – деді З. Сламбекова.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында педагогтерге арналған оқыту семинары өтті

Мөлдір Иманмади
20.04.2026

Іле ауданында газ жарылды: үй толық қирап, төрт адам зардап шекті

Қорлан Нұрланқызы
20.04.2026

Алматы–Өскемен тасжолындағы апат: 11 адам ауруханаға түсті

Қорлан Нұрланқызы
20.04.2026

«Байсейіт – Көкпек» жолы жабылады: жүргізушілерге ескерту жасалды

Қорлан Нұрланқызы
20.04.2026

Мұхтар Шаханов өмірден өтті

Қорлан Нұрланқызы
19.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz