Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Бүгін Алматы облысында жел соғып, жаңбыр жауады

24 мамырда Қазақстанның 14 облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

24.05.2023
Аймақ

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні — 18-23 м/с. Алматыда да найзағай ойнайды, соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 15 м/с құрайды.

Қарағанды облысының шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының орталығында да төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында найзағай ойнап, күн күркірейді деп болжанады. Күндіз облыстың орталығында, солтүстік-шығысында шаңды дауыл тұруы мүмкін. Облыстың орталығында, солтүстік-шығысында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күн күркірейді деп болжанады. Күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Оралда күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 18 м/с.

Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, күн күркірейді деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, орталығында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, Алакөл ауданы маңында 23-28 м/с дейін жетеді. Талдықорғанда күндіз солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні — 15-20 м/с.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың басым бөлігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз өңірдің оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, күн күркірейді деп болжанады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, күн күркірейді деп болжанады. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Абай облысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Абай облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды, облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандары мен тау бөктерінде солтүстік-шығыстан 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с жылдамдықпен жел соғады. Шымкентте күндіз солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Күндіз Павлодар облысының солтүстік-шығысында 15 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжанады. Павлодарда төтенше өрт қаупі сақталады.

Тегтер: Алматы облысыауа райыҚазгидромет

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz