Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Биыл 270 мың бала жазғы лагерьде демалады

Биыл Алматыда 270 мың бала жазғы лагерьге барады. Бұл туралы қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Жанат Айтпаева айтты.

23.05.2023
Аймақ

«2023 жылы қалада 270 мың бала жазғы лагерьде демалады. Оның 35 мыңнан астамы әлеуметтік осал санатта. Олар үшін 209-дан аса мектеп жанында және қала сыртында 20-дан аса лагерь ашылады», — деді басшы өңірлік коммуникация қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Алматыдағы 8 аудан әкімдігі мектеп жанындағы лагерьде демалатын балаларды театрларға, мұражайларға, кітапханаларға тегін апарады.

Жазғы демалыста балаларға арналған секциялар, клубтар, үйірмелер, еңбек топтары, экскурсиялар жұмыс істейді. Оларға 60 мыңнан аса бала қатысады деп жоспарланып отыр.

Оқушылар сарайында, 7 оқушы үйінде 14 мыңнан аса бала спорт секциялары, техникалық және көркемөнер үйірмелері, дойбы, шахмат, үстел теннисі, бокс, күрес, гимнастика, домбыра үйірмесі,  би, футбол және тағы басқа үйірмелерге қатыса алады.

Мемлекеттік тапсырысқа сәйкес 86 жекеменшік қосымша білім беру ұйымына 5 500 бала барады.

Аула клубтары кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшелерде есепте тұрған, сондай-ақ берекесіз және аз қамтылған отбасыларда тұратын 8 500-ге жуық жасөспірімді қамтиды.

Ювеналды полиция мектеп жанындағы лагерьлерге инспекторларды жібереді. Олар балалардың жолдағы, су қоймасындағы қауіпсіздігі бойынша дәріс өткізеді.

Тегтер: алматылагерь

Соңғы жаңалықтар

Вакцинадан бас тарту несімен қауіпті: маман маңызды сұрақтарға жауап берді

Қорлан Нұрланқызы
27.08.2026

Жаңа Қазақстан және жаңарған Конституция

Диана Ахметова
27.08.2026

Заң мен тәртіп: қауіпсіз болашаққа бастар жол

Диана Ахметова
27.08.2026

«Таза Қазақстан» – болашақ ұрпаққа аманат

Диана Ахметова
27.08.2026

ОСК Құрылтай депутаттарын тіркеді

Қорлан Нұрланқызы
27.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz