Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

«Саламатты Қазақстан» пойызы Бескөл стансасында жұртты қабылдайды

Бүгін Жетісу облысындағы Бескөл стансасының тұрғындары «Саламатты Қазақстан» пойызы ұсынатын білікті медициналық қызметке жүгіну мүмкіндігін алады, деп хабарлайды alataunews.kz.

19.05.2023
Аймақ

Медициналық пойыз Бескөл стансасына сағат 08:55-те жетеді деп жоспарланған.

Халықты сапалы медициналық тексеруден өткізген соң мамандар 20 мамыр күні кешкі сағат 19:00-де қайта жолға шығады.

Бұл маршрут терапевт, стоматолог, офтальмолог, лор, хирург, уролог, маммолог, педиатр және тағы да басқа білікті мамандар мен тиісті медициналық кабинеттер тапшы өңірлерді аралап келеді.

«Саламатты Қазақстан» пойызы тасып жүрген мамандар аталған өңір тұрғындарына заманауи құрылғылардың көмегімен тегін қызмет көрсетіп, диагноз қояды.

Пойызда диагностикалық құрылғылардан бөлек емдеу аспаптары да бар.

Ультрадыбыстық зерттеу аппараты, флюрографиялық аспап, шағын ота бөлмесі, зертханалар мен сымсыз интернет те орнатылған.

Еске салайық, «Саламатты Қазақстан» жобасы қайта жанданып, рельстегі емхана теміржол жеткен шалғай елдімекендерді аралауға шыққан болатын.

Президент телерадиокешені — «Саламатты Қазақстан» әлеуметтік жобасының негізгі ақпараттық серіктесі болып отыр.

Тегтер: БескөлЖетісу облысыпойызСаламатты Қазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жер сілкінісі тіркелді

Қорлан Нұрланқызы
28.09.2026

Алматы облысында коммуналдық тарифтер қалай реттеледі?

Қорлан Нұрланқызы
28.09.2026

Жаңа Қазақстан және жаңарған Конституция

Акжаркын
28.09.2026

Заң мен тәртіп: қауіпсіз болашаққа бастар жол

Акжаркын
28.09.2026

«Таза Қазақстан» – болашақ ұрпаққа аманат

Акжаркын
28.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz