Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Облыс әкімі Қонаевтағы сүт-тауарлы фермасын іске қосуды тапсырды

Бүгін Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қонаев қаласының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

18.05.2023
Аймақ

Жиын барысында қаладағы агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жайлы сөз етілді. Оның ішінде, өңір басшысы мал шаруашылығына ерекше ден қойып, қала әкіміне істен шығып қалған өндіріс ошақтарын іске қосуды тапсырды.

«Қалада қазіргі уақытта 60 басқа арналған бір ғана бордақылау алаңы және 200 басқа арналған сүт-тауар фермасы бар екенін, олардың бос тұрғанын ерекше атап өткім келеді. Бұл бағытта қала әкімі өндіріс ошағының неліктен бос тұрғанын анықтап, оларды өндіріске тезірек іске қосу мәселесін мұқият талдауы қажет», — деді әкім.

Марат Сұлтанғазиевтің сөзінше, Қонаев қаласы объективті себептерге байланысты ірі қара мал, жылқы, қой мен ешкі, құс саны бойынша ең аз үлеске ие болып отыр. Мұнда ет өндірісі 13,3%-ға, сүт — 14,2%-ға ұлғайған. Ал тауық жұмыртқасының өндірісі 3,6 мың данаға төмендеп кеткен.

Сонымен қатар аймақ басшысы шаһарда 5,3 мың гектарға дәнді дақылдар егіліп, одан 15 мың тонна түсім түскенін, бұл көрсеткіш бойынша қала облыста 9-орында екенін айтты. Бұдан бөлек, көкөніс шаруашылығы бойынша Қонаев қаласы 5-орында.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚонаев қаласыМарат Сұлтанғазиевсүтфермахалықпен кездесу

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz