Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Жыл басынан бері Алматы облысында 50-ден астам тұрғын ішек инфекциясына шалдыққан

Олардың ішінде 33 бала бар. Бұл туралы баспасөз мәслихатында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары мәлім етті.

18.05.2023
Аймақ

Бұдан бөлек, өңірге қарасты аудандардың бірінде жаппай улану фактісі тіркеліп, 71 адам зардап шеккен. Мамандардың айтуынша, ботулизм секілді сирек кездесетін ауруға шалдыққандар да анықталып жатыр. Былтыр 10-ға тарта адамның диагнозы расталған. Тұрғындардың барлығы консервіленген өнім қолданып, бүлінген тағамнан уланған. Ауру адамнан адамға жұқпайды, десе де, миды зақымдайтын ботулизм таяқшалары аса қауіпті.

«Ботулизмнің алдын алу үшін сапасын куәландыратын құжаты жоқ тағамдарды қолданбаған жөн. Мүмкіндігінше, жабайы сауда орындарына бармаған дұрыс», — деді бақылау департаменті басшысының орынбасары Мүслім Сағадиев.

Сондай-ақ ол көбіне ішек аурулары күн ысығанда өршитінін әрі бұл кезеңде тамақ өнімдерінің ластану қаупінің артатынын айтып, дабыл қағып отыр.

«Өткен жылы Алматы облысында 138 жағдай анықталды. Олардың 121-і балалар. Жаз мезгілінде қауын-қарбыз шығады. Сондықтан тұрғындарға күн астында қалған және күмән тудыратын, лас жерлерден жеміс-жидек сатып алмауға кеңес береміз. Біздің департамент қолданыстағы заңға сәйкес, кәсіпкерлерді жөнсіз тексере алмайды. Тек тұрғындардан шағым түсіп, белгілі бір ауру ушықса ғана тексеріс жүргізе аламыз», — деді Мүслім Сағадиев.

Брифинг соңында мамандар қарапайым тазалық ережелерін сақтауға кеңес берді.

Тегтер: Алматы облысыбрифингвирусинфекцияішек

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz