Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Көпқабатты үйдің ауласынан қорапқа салынған нәресте табылды

Қарағанды қаласында үйлердің ауласынан жаңа туған шақалақ табылды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

16.07.2022
Арнайы жоба, Жаңалықтар

Кеше кешкі сағат 21:00 шамасында Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты орталық полиция бөліміне қаладағы ауруханалардың біріне жаңа туған ер бала жеткізілгені туралы хабарлама түсті. Ол көпқабатты үйлердің ауласынан қорап ішінен табылған. Оқиға орнына шұғыл түрде жедел-тергеу тобы барды. Оқиға куәгері — 21 жастағы тұрғынның айтуынша, кешкілік уақытта үйінен шығып бара жатқанда ауладағы орындықта тұрған картон қорапты көрген. Ішінде көрпешеге оралған сәби жатқан. Нәресте жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлердің сөзінше, анасы шамамен екі сағат бұрын үй жағдайында босанған.

«Нәресте мерзімінен бұрын дүниеге келгендіктен, жағдайы әзірге ауыр. Қазіргі уақытта бала перинаталдық орталықта дәрігерлердің бақылауында», — деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері баланың 23 жастағы анасын анықтап, ұстады. Жас ана облыс тұрғыны екені белгілі болды. Аталған факті полицияда тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тегтер: Қарағандытабылдышақалақ

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының энергетиктері жаңа Конституцияны қолдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Тоқаев Орталық референдум комиссиясының төрағасын қабылдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Референдум өткізуге Үкімет резервінен 21 миллиард теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Үкімет Каспий теңізін зерттеуге 1,1 миллиард теңге бөлді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Референдумда дауыстар қашан саналады? Орталық комиссия түсіндірді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz