Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Биыл Алматы облысында 363,2 млрд теңгеге өнім өндірілді

Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің кеңейтілген отырысында экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Асылан Ораз мәлім етті, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

15.05.2023
Аймақ

«Облыста өңдеу өнеркәсібінің үлесі 90,3%-ды құрайды, биылғы жылдың бірінші тоқсанында 13,1% өсіммен 363,2 млрд. теңгеге өнім өндірілді. Өсім 7 ауданда және Қонаев қаласында тіркелді, ал Ұйғыр ауданында 29,6%-ға төмендеу бар. Себебі, «OTAN Green Food» құс фабрикасы санитарлық жұмыстарын жүргізуіне байланысты болып отыр», — деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар ол бірнеше кәсіпорынның өндіріс көлемін төмендеткенін атап өтті. Мысалы, Талғар ауданында өнеркәсіп көлемі 2,6% төмендеген. Себебі, «Береке тас», «Бесағаштас» кәсіпорындары тау-кен жұмыстарын жүргізуге келісім-шарт уақыты аяқталған және кәсіпорын өз жұмысын басқа аумақтарда жүргізуге шешім қабылдаған. Ал «P.T.Z.» мен «Керуен плюс» серіктестіктері сұраныстың төмендеуі мен қаржылық қиындықтардың салдарынан шикізаттың жетіспеуіне байланысты азайтқан.

«Ірі кәсіпорындардың ішінде «Филип Моррис Қазақстан» темекі өнімдерін 9,4% азайтты. Соңғы уақытта акциз ставкасы көтерілуі темекі бағасының өсуіне және оның сатылымының төмендеуіне әкелді. Сондай-ақ арзан контрабандалық темекі өнімдерінің көбеюі және темекіге қарсы үгіт-насихаттың артуы өнім көлемін азайтуға себеп болды. «Кнауф ГипсҚапшағай» гипсокартон және болаттан жасалған профильдер өндірісін 11,6%-ға төмендетті. Мұның себебі — құрылыс нарығында гипс картоны өнімнің қысқы мезгілде сұраныстың төмендеуіне байланысты болып тұр», — деді өңірдің бас экономисті.

Асылан Ораз тиісті басқармалар мен аудан және Қонаев қаласының әкімдері осыған назар аударып, ірі кәсіпорындарда өндірістің төмендеуіне жол бермеу шараларын қолға алу керектігін айтты.

Айта кетейік, жыл басынан бері 6 жаңа өнеркәсіп нысаны пайдалануға берілді, 1 жұмыс істеп тұрған кәсіпорын кеңейтілді. Нәтижесінде 78 жұмыс орны құрылды.

Тегтер: Алматы облысыҚонаев қаласықұс етіөнім

Соңғы жаңалықтар

Мамырдағы мерекелер кестесі: қазақстандықтар қалай демалады

Қорлан Нұрланқызы
15.04.2026

Алматы облысында ірі есірткі айналымы әшкереленді

Қорлан Нұрланқызы
15.04.2026

Қаскелеңде жасөспірім қыздар төбелесі: қылмыстық іс қозғалды

Қорлан Нұрланқызы
15.04.2026

Алматы облысында алма шаруашылығы жаңа деңгейге көтерілді

Қорлан Нұрланқызы
15.04.2026

Кеген ауданында бір күнде 3 мыңнан астам ағаш отырғызылады

Қорлан Нұрланқызы
14.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz