Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында фермерлер «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша қаражат ала алмай отыр

Бүгін Алматы облысы әкімдігінің отырысы өтті. Кеңейтілген жиында ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың бірнеше тетіктері жайлы сөз етілді, деп хабарлайды аlataunews.kz ақпарат агенттігі.

13.05.2023
Аймақ

Фермерлерді қолдаудың ең бірінші тетігі — «Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыру. Осыған орай, облыс әкімі тауар өндірушілерді бағдарламаға тарту бойынша жұмыстар тиісті деңгейде жүргізілмегенін айтты.

«Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру үшін 8,3 млрд. теңге бөлініп, облыс қаражат көлемі бойынша төртінші орында тұр. Осы бағдарламаға ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін тарту бойынша жұмыстар тиісті деңгейде жүргізілмеген. Алайда, бағдарлама операторы мен сенімді агент сәуір айының соңында анықталғандықтан, фермерлер көптен күткен қаражатын ала алмай отыр», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Аталған мәселенің бар екенін ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы міндетін атқарушы Қоюмчан Омаров та жасырмады.

«Бағдарламаны іске асыру бес негізгі бағыт бойынша жоспарланып отыр. Барлық аудандардан 22,8 млрд. теңгеге 3 955 өтінім түсті. Қазіргі таңда нақты 4,4млрд. теңгеге 891 құжат жиналды. Мұндағы мәселе сенімді агентті анықтау болатын», — деді Қоюмчан Омаров.

Келесі сөз болған мәселе — «Қонаев» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының жұмысы. Марат Сұлтанғазиевтің сөзінше, аталған корпорация арқылы асыл тұқымды мал алуға 5 млрд. теңге көлемінде қаражат бөлініп, оның тек 1,9 млрд. теңгесі игерілген.

«Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілмей жатыр», — деді мәселенің негізгі себебін анықтаған облыс әкімі.

Сондай-ақ Марат Сұлтанғазиев облыста 5 қана кооператив құрылып, бұл көрсеткіштің аз екенін атап өтті.

«Ауыл шаруашылығын тұрақты дамытудың негізі кооперацияда екенін білеміз. Мұнда да тиісті жұмыс жүргізілмеген. Бүгінгі таңда тек 5 кооператив құрылды, дегенмен әрбір ауылдық округте осындай бірлестіктердің жұмысын ұйымдастыру қажет», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Аталған мәселеге байланысты ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы міндетін атқарушы Қоюмчан Омаров өңірде 19 кооператив құру жоспарланғанын алға тартты.

Айта кетейік, «Ауыл аманаты» бағдарламасына облыс бойынша 6 аудан (Еңбекшіқазақ, Кеген, Райымбек, Балқаш, Жамбыл, Ұйғыр), 102 ауылдық округ және 134 елді мекен қатысады.

Тегтер: Алматы облысыАуыл аманатыбағдарламақаражатМарат Сұлтанғазиев

Соңғы жаңалықтар

102 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері референдумға қатысты

Қорлан Нұрланқызы
15.03.2026

«Өзгеріс жауапкершіліктен басталады»: Алматы облысының әкімі референдумда дауыс берді

Қорлан Нұрланқызы
15.03.2026

Алматы облысында референдумға дауыс беру қалай өтіп жатыр?

Қорлан Нұрланқызы
15.03.2026

Қонаевта референдум ақсақалдың батасымен басталды

Қорлан Нұрланқызы
15.03.2026

Шеңгелдіде ақсақал Амангелді Беспаев дауыс берді

Қорлан Нұрланқызы
15.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz