Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Биыл Ұйғыр ауданына 3,5 млрд теңге инвестиция тартылды

Бұл туралы аудан тұрғындарымен жиын өткізген облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев айтты, деп хабарлайды alataunews.kz ақпарат агенттігі.

12.05.2023
Аймақ

«Бірінші тоқсанда аудан экономикасына тартылған инвестициялар өсімді көрсетті (3,5 млрд. теңге, 2 есе өсім). Жалпы, облыстың инвестициялық портфелі 30,2 мың жұмыс орнын құратын 3,9 трлн. теңгеге 231 жобаны қамтиды», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Облыс басшысының айтуынша, ауданның инвестициялық қоржынында 443,8 млрд. теңгеге 2,7 мың жұмыс орнын құруға арналған 35 жоба бар.

Олардың ірілері:

— қуаттылығы жылына 1 мың тонна қияр мен қызанақ (2,1 млрд. теңге, 35 жұмыс орын) өсіретін «Бірлік» АҚ 3 га жерге жылыжай кешенін салу;

— қуаттылығы 1,5-2 мың ұсақ мал басын өсіру мақсатындағы «Rancho Hampshire» өндірістік базаны ұйымдастыру (1,2 млрд. теңге, 50 жұмыс орны);

— қуаттылығы жылына 10 тонна қоқыс өңдейтін «Essentay&V» кешенінің құрылысы (1,2 млрд. теңге, 69 ж/орын);

— жылына 96 мың бірлік әрлеу плиткаларын өңдейтін «Qazaq Tass» табиғи тасты өңдеу кешенін салу.

«Биыл 497 жұмыс орнын құруға арналған 8,3 млрд. теңгеге 19 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Біз үшін өңдеуші кәсіпорындарды одан әрі дамыту өте маңызды. Бұл Мемлекет басшысы алдымызға қойған аса маңызды міндет», — деді өңір басшысы.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтаринвестицияМарат СұлтанғазиевҰйғыр ауданыхалықпен кездесу

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz