Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында кәмелетке толмаған қызды зорлап, өртеп жіберген күдіктілерге сот үкімі шықты

«НеМолчи» қорының белсенділері әлеуметтік желілердегі парақшасында қызды өлтіргендерге қатысты сот процесінің аяқталғаны туралы хабарлады.

11.05.2023
Аймақ
Суретте 17 жастағы Екатерина

Суретте 17 жастағы Екатерина

1992 және 2001 жылы туған екі ер адамның жасаған қылмысы өткен жылы елді дүр сілкіндірді. Еріктілер 2022 жылдың мамыр айында 2005 жылы туған қыздың жоғалып кеткені туралы хабарлаған. Қыз баланың денесі 1 маусымда өлі табылған.

Белсенділер қылмыскерлерге кесілген жаза — 15 жылдық мерзім тым жеңіл жаза деп санайды.

«Біріншіден, бұл қатыгездікпен кісі өлтіру, қызды алдымен олардың біреуі зорлаған, содан кейін оны көлікке салып алып тұншықтырған. Қыз ол кезде ес-түссіз жатқан. Кейін қылмыскер туысына қоңырау шалып, қыздың денесінен құтылуға көмектесуін өтінген. Содан кейін екеуі оны өлтіріп, денесін өртеп, көміп тастаған. Екіншіден, бұл кәмелетке толмаған қыз. Үшіншіден, қылмысты топ адам жасаған», — деді еріктілер.

Сонымен қатар, белсенділер сотталушылардың бірі сот залынан қашуға тырысқанын, сондай-ақ олардың бірінің әкесі жанжал шығарғанын хабарлады. Екі күдіктінің бірі кінәсін мойындаса, екіншісі апелляциялық шағым түсірген.

Тегтер: Алматы облысызорлық-зомбылыққылмыстық топ

Соңғы жаңалықтар

Еңбекшіқазақ ауданында адасып кеткен балықшы аман-есен табылды

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында алма бақтарын зиянкестерден қорғаудың жаңа технологиясы енгізілуде

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өртенген кәуапханадан 5 газ баллоны шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысындағы түзеу мекемесінде қылмыстық топ құрған 10 адамға үкім шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда білім гранттарына құжат қабылдау мерзімі белгілі болды

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz