Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

Самокат мінетіндерге талапты күшейтетін заң қабылданды

Қазақстанда электр самокатпен жүретіндерге бірқатар талап қойылады. Мәжіліс депутаттары кейбір заңнамалық актілерге жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды қабылдады.

11.05.2023
Қоғам

Заң жобасын парламент депутаттары әзірледі.

Заң жобасы екі жыл бұрын әзірленген. Алайда электр самокаттарға қатысты техникалық регламент тек 2022 жылы шілдеде қабылданды.

Заң жобасына сәйкес:

  • электр самокаттар көлік құралы ретінде танылады:
  • жүру жылдамдығы сағатына 25 шақырымға дейінгі көлік құралдары электр самокаттарға жатады:
  • электр самокаттар велосипед жолдары мен жол жиектерінде шектеусіз жүре алады;
  • тротуарларда сағатына 6 шақырымнан аспайтын жылдамдықпен жүруге рұқсат етіледі.

Сонымен қатар электр самокаттарға жолдың жүру бөлігінің оң жақ шетімен, оның ішінде автобус жолағымен бір қатарда жүруіне рұқсат етіледі.

«Алайда бұл үшін жүргізуші 18 жасқа толуы және шлем киюі керек. Бұған қоса үстінде жарық шағылыстыратын киім және кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі болуы қажет», — деп атап өтті Смышляева.

Сонымен қатар электр самокатта жүктер мен жолаушыларды тасымалдауға тыйым салынады. Электр самокат жүргізушілер жол қиылыстары мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен жаяу өтуі керек.

Тегтер: заңмәжіліспарламентсамокаттәртіп

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz