Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

Елімізде жыл басынан бері 8 ірі халықаралық есірткі зертханасы жойылды — ҰҚК

Осы жылдың қаңтар-наурызында елімізде есірткі, психотропты немесе улы заттардың заңсыз айналымына байланысты 2,1 мың қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 5,4 пайызға аз, деп хабарлайды alataunews.kz.

10.05.2023
Қоғам

Finprom.kz порталының мәліметінше, мұндай құқық бұзушылықтың 69,7 пайызы немесе 1,5 мың оқиғасы есірткі заттарының заңсыз айналымына, яғни сатуға қатысты емес. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 6,4 пайызға төмен. Ал 502 жағдайда ескірткіні сату фактісі анықталды.

Аталған құқықбұзушылықтарды анықтау кезінде 160 көлік құралы, 5,2 мың қару, 11 жалған құжат, сонымен қатар жалпы сомасы 532,8 млн теңгені құрайтын, мүлік, қаражат және құнды заттар тәркіленді. 11 қара сора алқабы, 1 апиынның көкнәр алқабы және 1 жабайы қара сора егілген жер анықталып, жойылды.

Өңірлер арасында есірткі, психотропты немесе улы заттардың, олардың баламалары мен прекурсорларының заңсыз айналымымен байланысты қылмыстардың басым бөлігі Астана қаласында тіркелген. Елордада осы жылдың үш айында 277 оқиға тіркелді. Бұл бір жыл бұрынғыдан 52,2 пайызға көп. Екінші және үшінші орындарда Алматы қаласы (246 оқиға) мен Жамбыл облысы (147 оқиға) тұр.

Биыл 1-тоқсанда есірткі, психотропты немесе улы заттардың, олардың баламалары мен прекурсорларының заңсыз айналымымен байланысты қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшн 1,1 мың адам ұсталды. Олардың 91-і бұған дейін қылмыс жасаса, бесеуі кәмелеттік жасқа толмаған, ал 52-сі – әйел.

Жыл басынан бері есірткі құрылымының 67 қатысушысы тұтқындалды. Заңсыз айналымнан 483,2 келі психотропты заттар, 11 келі героин, 32,8 келі апиын, 63,7 келі гашиш, 41,6 келі марихана, 17 тоннадан астам көкнәр шикізаты, 22 тоннадан астам химиялық реагенттер алынды.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, жылдың басынан бері арнаулы қызметтер есірткі қылмысына қарсы 47 операция жүргізді. Оның ішінде Ресей, Қырғызстан және Австралияның құзіретті органдарымен бірлескен операциялар бар. 8 халықаралық, 14 өңірлік есірткі трафикі каналы, 8 өте ірі есірткі зертханасы жойылды.

Тегтер: зертханасинтетикалық есірткіҰҚК

Соңғы жаңалықтар

Заң мен тәртіп: жастар арасында нашақорлықтың алдын алу жұмыстары күшейтіл

Қорлан Нұрланқызы
17.06.2026

Заң мен тәртіп: Жамбыл ауданында нашақорлыққа қарсы айлық ұйымдастырылды

Қорлан Нұрланқызы
17.06.2026

Алматы облысында жол апатынан кейін көлікте қысылып қалған жүргізуші құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
17.06.2026

Алматы облысында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу шаралары түсіндірілді

Қорлан Нұрланқызы
17.06.2026

19 адам уланған: Боралдайдағы қоғамдық тамақтану орны тексеріліп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz