Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Қазақстанда мопед пен велосипедке мемлекеттік нөмір тағу міндеттелмек

Ішкі істер министрлігі жолда жүру ережелеріне өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр.

10.05.2023
Саясат

Қазақстанда мопед пен велосипедтерге мемлекеттік нөмір тағу міндеттелуі мүмкін. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мәлімдеді.

Кулуарда журналистер министрден «Самокаттарға мемлекеттік нөмір тағу қажет пе?» деп сұрады.

«Бұл мәселе қазір қарастырылып жатқан жоқ, бірақ біз оны кейінірек қарастырамыз. Бүгінде, өкінішке қарай, мопед пен самокат жүргізушілерінің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғасы жиілеп кетті. Сондықтан, мұны заңмен реттейтін уақыт келді», – деді министр.

Министрдің айтуынша, бұл өзгерістер жол қозғалысына қатысушылардың, ең алдымен барлық жаяу жүргіншілердің, самокат, мопед жүргізушілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қарастырылып жатыр.

Айта кетейік, Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралып жатыр. Жобада депутаттар электр самокаттардың жүрісін реттеу бойынша алғашқы түзетулер топтамасын ұсынды.

Жобаға сәйкес:

  • электр самокаттар көлік құралы ретінде танылады;
  • жүру жылдамдығы сағатына 25 километрге дейінгі көлік құралдары электр самокаттарға жатады;
  • электр самокаттар велосипед жолдары мен жол жиектерінде шектеусіз жүре алады;
  • тротуарларда сағатына 6 километрден аспайтын жылдамдықпен жүруге рұқсат етіледі;
  • электр самокаттың жолдың жүру бөлігінің оң жақ шетімен, оның ішінде автобус жолағымен бір қатарда жүруіне жол беріледі. Алайда, бұл үшін жүргізуші 18 жасқа толуы және шлем киюі, үстінде жарық шағылыстыратын киім мен кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі болуы қажет.
Тегтер: велосипедІІМҚазақстанмарат ахметжановмемлекеттік нөмірмопед

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz