Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Петропавлда алапат өрт шықты

Петропавлдың маңында қамыс жанып жатыр. Лапылдаған от көшеге кіріп, 4 тұрғын үй жанып кетті. Оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

07.05.2023
Арнайы жоба

Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 18.57 минут кеткенде Петропавлдағы 5-Сенная көшесіндегі ашық алаңда қураған қамыс жанып жатқаны жөнінде хабар түскен.

Желдің екпіні секундына 23 метрге дейін жеткендіктен, өртке 4-ші қауіпсіздік деңгейі берілді.

Оқиға орнынан 40 адам, соның ішінде 9 бала қауіпсіз жерге шығарылды. Әзірге қамыстың неден тұтанғаны белгісіз.

«Қатты желдің салдарынан лаулаған от жақын маңдағы үйлерге жетіп, 4 баспана жанып кетті. Тұрғындарды қауіпсіз жерге шығарып үлгерді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрт әзірге ауыздықталған жоқ», — деді департаменттің баспасөз қызметіндегілер.

Өртпен күреске СҚО ТЖД 13 техникасы мен жеке құрамнан 73 адам жұмылдырылды.

Сондай-ақ теміржолдан 4 қызметкер мен бір техника, полиция департаментінен 50 қызметкер мен 9 техника, жергілікті атқарушы биліктен 10 адам және 5 техника өртті сөндіріп жатыр.

Әлеуметтік желіде тұрғындар өртті түсіріп, бөлісіп жатыр.

Петропавл қалалық әкімдігінің мәліметінше, №25 орта мектепте эвакуациялық пункт ашылған. 55-10-10, 52-27-25 телефон нөмірлері бойынша жедел желі жұмыс істейді.

Тегтер: өртПетропавлСҚО

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz