Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Балқаш ауданында 165 ірі қара малға екпе салынды

Бірлік ауылындағы «Бригантина» шаруа қожалығындағы 165 бас сиырға ауруға қарсы екпе салынды. Сондай-ақ, олардан ауруды анықтау үшін қан алынды.

06.05.2023
Аймақ

Қазіргі таңда ауданда жануарлардың 13 түрлі аса қауіпті ауруына қарсы ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп, 4 айлық жоспар 100%-ға орындалған.

Балқаш ауданында жалпы саны 108 549 бас МІҚ, 105317 ҰММ, 26514 мың жылқы, 86 бас түйе және 819 бас шошқа бар.

Осы уақытқа дейін, аймақтағы 30 733 бас ірі қара мен 41 598 бас ұсақ малдың қаны алынып, бруцеллез ауруына зерттелген. Зертхана нәтижесінде 10 бас ірі қарадан аталмыш індет анықталған.

Балқаш ауданының ветеринария станциясының директоры Қайсар Соқабаевтың айтуынша, профилактикалық шаралар аурудың жиілігіне орай 21, 14 күн сайын қайталанып жүргізіледі. Маманның сөзіне сүйенсек, қазіргі таңда малға салынатын дәрі-дәрмек қоры жеткілікті.

Жалпы, ауданның эпизоотиялық жағдайы тұрақты. Оны бақылауда ұстау үшін өңірдегі 15 ветеринарлық пункте 110 маман еңбек етеді.

Дегенмен бұл штаттық құрдым саны жеткіліксіз дейді, мамандар.

«Бізде мал шаруашылығы саласында қызмет ететін адам табу қиын. Жастар ауылға келіп еңбек етуден қашады. Жұмыс оңай емес. Жалақы мөлшеріде аз. Сондықтан да, маман тапшылығы байқалады. Осыған билік тарапынан көңіл бөлінсе игі болар еді», — деп ағынан жарылды Қайсар Сапарбекұлы.

Сонымен қатар, ауданда ветеринария мамандарының ақылы қызмет көрсетуіне сұраныс төмен.

«Қаржыландыруы бюджет есебінен жүргізілетін тізбеге сәйкес жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу және диагностикалау жұмыстары ақысыз түрде атқарылады. Ал, инвазиялы ауруларға қарсы дәрілеу, хирургиялық көмек көрсету сынды қызметтерге мал иелері белгілі мөлшердегі ақысын төлеуге міндетті», — дейді Қайсар Соқабаев.

Айта кетейік, дәл осы ветеринариялық пункттер ақылы қызмет көрсету арқылы былтыр 6,5 млн. теңге, биыл жыл басынан 980 мыңнан астам табыс тапқан, олар ғимараттар мен автокөліктерді жөндеуге және сала мамандарына сыйақы беруге қарастырылған.

Тегтер: Балқаш ауданыБригантинаекпеқожалық

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жүк көлігі жеке тұрғын үйге соғылды

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысында полиция трассаларды дрондар арқылы бақылауды күшейтті

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қазақстан XXV қысқы Олимпиадада нешінші орын алды?

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қонаевта жаңа Конституция жобасы талқыланды: жастармен кездесу өтті

Қорлан Нұрланқызы
22.02.2026

Көктөбе телемұнарасында 15 наурызға дейінгі кері санау таймері іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz