Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының тұрғындары газ бағасының қымбаттауына наразы

Алматы облысында Шамалған ауылының тұрғындары газ бағасының негізсіз қымбаттауына наразылықтарын білдірді.

05.05.2023
Аймақ

Шамалған ауылының тұрғындары көгілдір отынның мәселесін оңтайлы шешуді сұрайды. Жұртшылық желтоқсаннан бері тариф бағасының негізсіз қымбаттағанына наразы.

Бес айдан бері газдың ақшасын төлемеген тұрғындар шамамен 100 мың теңгеге жуық қарыздары барын айтады. Компания өкілдері үш үйдің құбырын газ беруден ажыратқан.

Ал Қарасай ауданы әкімінің орынбасары сәуір айының басынан тариф құны 28 теңге 98 тиынға төмендегенін жеткізді. Алайда, бұл шешіммен газбен қамтамасыз етіп отырған компания келіспейді.

«Прокуратура және электр энергиясының көтерме сауда нарығын бақылайтын департамент шынымен де, заң бұзушылықтардың болғанын анықтады. Сол үшін де тариф бағасын төмендетіп отыр. Бірақ «СИГМА ГАЗ» ЖШС бұл шешіммен келіспейді. Мәселе жылыту маусымына дейін толыққанды шешіледі деген ойдамыз», — деді Қарасай ауданы әкімінің орынбасары Марлен Қасенов.

Әкімдік қызметкері тұрғындардың осы уақытқа дейін жиналған қарызын үш айға бөліп төлеу үшін компаниямен келіскенін жеткізді. Сонымен бірге ешбір айыппұл салынбайды.

Айта кетейік, «СИГМА ГАЗ» компаниясы бұл жағдай бойынша жауап беруден бас тартты.

Тегтер: Алматы облысыгазқымбатшылықШамалған

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жасөспірімдер арасында жаппай төбелес болды

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

Үш күнде 760 тонна қоқыс: Алматы облысында ауқымды тазалық акциясы өтті

Қорлан Нұрланқызы
03.05.2026

Алматы облысында мал ұрлығымен айналысқан екі қылмыстық топ ұсталды

Қорлан Нұрланқызы
03.05.2026

«Қыз Жібек» түсірілген Күрті су қоймасы қайта жанданды: туристер легі артып, ауқымды сенбілік өтті

Қорлан Нұрланқызы
02.05.2026

«Таза Қазақстан»: Байсеркеде ауқымды сенбілік өтті

Қорлан Нұрланқызы
02.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz