Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында «WorldSkills — 2023» аймақтық чемпионатының ашылу салтанаты өтті

Техникалық және кәсіптік білімнің мәртебесін көтеру, білім алушылар мен жас мамандардың кәсіби шеберлігін арттыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын қолдау, жұмыс дағдысы мен тәсілдерін жаңғырту және Ұлттық чемпионатқа қатысатын үміткерлерді анықтау мақсатында Алматы облысында «WorldSkills» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты басталды.

04.05.2023
Аймақ

Аймақтың чемпионаттың ашылу салтанатында Алматы облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлсара Исағұлова сөз алып, қатысушы жастарға сәттілік тіледі.

«WorldSkills» жай ғана байқау емес, бұл үлкен қозғалыс. Өткен ғасырдың жетпісінші жылдары басталған бірегей жоба жұмысшы жастарға берілген орасан зор мүмкіндік. Біздің елімізде 2105 жылдан басталды. Бүгінді чемпионатқа ерекше мән беріліп келеді. Жыл сайын жас дарындарға даңғыл жол ашқан жобаға қатысушы талапкерлерге тек жеңіс тілеймін. Шын жүйрік өз бағасын алады деп сенемін», — деді Гүлсара Тастандықызы.

Облыстағы бес бірдей колледжде өтетін бұл чемпионатқа 19 колледжден 23 компетенция бойынша 64 студент қатысатын болады.

Білімгерлер, «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету», «Шанақ жұмыстары», «Дәнекерлеу технологиясы», «Кірпіш қалау», «Сырлау және сәндік жұмыстар», «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары», «Плиткамен қаптау», «Ағаш өңдеу жұмыстары», «Электромонтаждық жұмыстар», «Веб-технологиялар», «Графикалық дизайн», «Аспаз ісі», «Сән технологиясы», «Шаштараз өнері», «Кіші сыныптарда оқыту», «Дене шынықтыру және спорт», «Мектепке дейінгі тәрбие және дайындық» құзіреттіліктері бойынша сынға түседі. Білімділер бәсекесі үш күнге созылмақ.

 

1 of 3
- +

«Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамының вице-Президенті Нұржан Садықовтың айтуынша, «WorldSkills» чемпионаты бұл жастардың мансаптағы алғашқы қадамдары болып табылады.

«Бұл чемпионат жұмысшы жастардың өзін-өзі жетілдіруіне септігін тигізеді. Студенттер мамандықтарына қарай берілген тапсырманы уақытылы орындауы тиіс. Сарапшылар өздерінің бағаларын арнайы талаптарға қарап береді. Басиы көңіл бөлетін нәрсе-сапа. Жұмыс тиянақты әрі жүйелі жасалуы тиіс. Бұл жастарымыздың болашақтағы еңбек жолына деген алғашқы қадамдары болмақ. Сарапшылардың көзіне түссе жұмыс орны дайын деп есептеуге болады», — деді Нұржан Садықов.

Студенттердің кәсіби шеберлігін бағалау үшін түрлі саладан сарапшылар келді. Оза шапқан қатысушы республикалық жарыста бақ сынайды. Республикада топ жарғандар халықаралық «WorldSkills» чемпионатына жолдама ала алады.

Тегтер: WorldSkills - 2023Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында Basqaru Race Nation Kazakhstan 2026 жарысына 1800-ге жуық адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
10.08.2026

Алматы облысында биыл 100 мың тонна алма жиналады

Қорлан Нұрланқызы
10.08.2026

Алкогольге тәуелділік: себептері мен салдары

Диана Ахметова
10.08.2026

Жаңа Конституция – әділетті Қазақстанның берік негізі

Диана Ахметова
10.08.2026

Заң мен тәртіп – тұрақты қоғамның негізі

Диана Ахметова
10.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz