Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында 7 заңды қоқыс полигонының 2-де ғана қалдықтар өңделеді

Алматы облысында қоқысты қайта өңдеп, кәдеге жарату ісі жүйелі жолға қойылмаған. Өйткені, өңірдегі 7 заңды қоқыс полигонының тек екеуінде ғана қалдықтар сұрыпталып, қайта өңдеуге жіберіледі, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі Жетісу телеарнасына сілтеме жасап.

02.05.2023
Аймақ

Қалған 5 полигонда жиналған қайталама шикізат құр өртеліп, күлге айналып жатыр. Өңірдегі барлық полигонға жылына 429 мың тонна қалдық келіп түседі. Соның небәрі 22 пайызы ғана қайта өңделеді.

Ал облыс орталығында мемлекет меншігіндегі 1 заңды қоқыс полигоны жұмыс істейді. Ол «Қарлығаш» саяжайының маңында орналасқан. Мұнда күніне 15 көлік қалдық әкелінеді. Олардың 10 пайызы өңдеуге жарамды. Алайда, жиылған қоқыс ешқайда өткізілмейді. Бірде бір бөтелке, шыны ыдыстар қайта өңделмейді. Өйткені, полигон ішінде сұрыптау цехы әлдеқашан істен шыққан. Нысанға жауаптылардың айтуынша, жақын маңдағы елдімекен тұрғындары келіп пластиктерді қаппен алып кетеді. Жауаптылар ешкімге тосқауыл қоймайтындарын айтады.

«Бұл полигон ликвидацияға жатады. Себебі, шаһарға тым жақын маңда орналасқан. Қазіргі таңда жаңа полигонға жер дайындалып, қоқыс сұрыптауға арнайы желі жасау үшін жобалық-сметалық құжаты әзірленіп жатыр», — деді қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Дархан Қарағонысов.

Естеріңізге сала кетейік, облыста қоқысты өңдеу үшін 12 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Олардың жылдық қуаттылығы 120 мың тонна.

Тегтер: Алматы облысықоқысполигон

Соңғы жаңалықтар

Еңбекшіқазақ ауданының мұғалімі республикалық олимпиадада І орын иеленді

Қорлан Нұрланқызы
13.03.2026

«Ұлттық қор – балаларға»: үш жылда 7 миллион балаға 2,5 млрд доллардан астам қаржы аударылды

Қорлан Нұрланқызы
13.03.2026

Алатау қаласында екі жаңа автобус маршруты іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
13.03.2026

Қазгидромет 13 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады

Қорлан Нұрланқызы
13.03.2026

Қонаев қаласында референдумды қолдау мақсатында дрон-шоу өтті

Мөлдір Иманмади
12.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz