Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Елімізде ұн, май, макарон, қант өндірісі артып келеді

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев 2022-2024 жылдарға арналған азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспары туралы баяндады, деп хабарлайды alataunews.kz.

02.05.2023
Саясат

Аталған жоспарда 31 іс-шара көзделген, оның 17-сі өнім өндіру көлемін ұлғайту, аграрлық ғылымды дамыту және тауарларды сақтау, 7-сі – азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру, 7-сі – азық-түлік тауарларының қауіпсіздігі мен сапасы бойынша жүргізіледі. 31 шараның 11-і 2022 жылы орындалды және 20 шара 2023-2024 жылдарға жоспарланған.

«Жалпы 2022 жыл қорытындысы бойынша азық-түлік өндірісі көлемі 3,9% артып, 2,9 трлн теңгені құрады. Бұл ретте азық-түліктің негізгі түрлерін: өсімдік майы, ұн, макарон өнімдері, жарма, шұжық өнімдері мен қантты өндіруде өсім байқалады. Керісінше, өндіріс төмендеген бірқатар өнімдер бар және олар негізінен сүт өнімдері: сары май, сүт, ірімшік және сүзбе, ашытылған сүт өнімдері», — деді Е. Қарашөкеев Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Меншікті өндіріс есебінен қамтамасыз ету 2022 жылы шұжық өнімдері бойынша 56,4%-дан 61%-ға дейін, алма бойынша – 73,7%-дан 75,6%-ға дейін, құс еті бойынша – 65,4%-дан 68%-ға дейін, қант бойынша – 42,6%-дан 51%-ға дейін ұлғайды. Бұл ретте ірімшіктер мен сүзбе бойынша 56%-дан 53%-ға дейін төмендеу байқалады.

«Осылайша, сүт өнімдері бойынша тағы төмендеу тіркеліп отыр. Бұл қазіргі уақытта сүт өнімдерін өндіру проблемасы барын растайды, ол шикізат базасының дамымауымен байланысты», — деді Ауыл шаруашылығы министрі.

Тегтер: Ербол ҚарашөкеевҮкімет отырысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ер адамды канал ағысы 3,5 шақырымға алып кеткен

Қорлан Нұрланқызы
15.06.2026

Геннадий Головкин Мұхаммед Әли мен Майк Тайсонның қатарына қосылды

Қорлан Нұрланқызы
15.06.2026

Алматы облысында есірткі зертханасы жойылды: 125 мың доза тәркіленді

Қорлан Нұрланқызы
15.06.2026

Алматы облысында ағыс алып кеткен 10 жастағы бала құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
15.06.2026

Алматы тауларындағы сел жағдайы тексерілді: мамандар қорытынды шығарды

Қорлан Нұрланқызы
15.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz