Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Тоқаев Мирзиёевті референдумның сәтті өтуімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

01.05.2023
Саясат

Әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Шавкат Мирзиёевті Өзбекстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу жөніндегі жалпыхалықтық референдумның сәтті өтуімен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев жалпыұлттық таңдау еркінің қорытындысы Президент Шавкат Мирзиёевтің стратегиялық бағдарына өзбек халқының зор сенім білдіріп, қолдағанының дәлелі екенін атап өтті. Қазақстан мен Өзбекстан президенттері екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен ынтымақтастықты нығайтуға ниетті екенін тағы да растады.

Мемлекеттер басшылары қазақ-өзбек қатынастарының қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселесін талқылады.

Сондай-ақ президенттер алдағы уақытқа жоспарланған іс-шаралар кестесін қарастырды.

Айта кетейік, бұған дейін Өзбекстанда 30 сәуірде Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдумда дауыс беру өткен болатын. Бүгін «қарсы» дауыс бергендер саны – 9,35%, сайлауға қатысқандар саны– 84,54%-ды құрағаны хабарланды.

Тегтер: Қасым-Жомарт Тоқаевмемлекет басшысыПрезидент құттықтауыШавкат Мирзиёев

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 1,5 миллион тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі жиналды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жүлде алған Алматы облысының спортшылары марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында туристік нысандарға апаратын 95 шақырым жол жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz