Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматыда Қазақстан халқының бірлігі мерекесі қалай өтті?

Алматыда Абай алаңында Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне арналған концерт өтті. Салтанатты іс-шараға Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қатысты.

01.05.2023
Аймақ

Концерт «ЖасStars» тобы мен ҚР Мемлекеттік еңбек сіңірген «Салтанат» би ансамблі орындаған «Қазақстан — достық бесігі» вокалдық-би композициясымен ашылды, көрермендер үшін қазақстандық және шетелдік әртістер өнер көрсетті.

Өз композицияларын халықаралық байқаудың лауреаты Зарина Хасаншина, Өзбекстан, Қарақалпақстан, Башқұртстан халық әртісі Жеңісбек Пиязов және Беларусь Республикасының еңбек сіңірген әртісі Жанет Бутерус орындады. Сахнада кәріс, кавказ, түрік, ұйғыр, поляк және т.б. ұлттық билер орындалды.

Абай алаңында Қазақстан халықтарының тағам фестивалі өтті: 15 мейрамхана қазақ, кәріс, грузин, орыс, ұйғыр және үндінің ұлттық тағамдарын ұсынды.

Мерекелік іс-шаралар Жібек Жолы, Панфилов көшелерінде және Ғылым Академиясы ғимаратының алдындағы Ш.Уәлиханов атындағы скверде «Алматы Әуендері» әртістері мен «Алатау» дәстүрлі өнер театрының, Қазақстан халқы Ассамблеясының, музыкалық топтардың және т.б. қатысуымен өтті.

Мерекелік бағдарлама Абай алаңында сағат 18:00-де «Достық әні» концертімен жалғасады. Сахнада Айқын Төлепберген, Qanay, Әйгерім Қалаубаева, Артур Давлетьяров, Ayree және «КeшYou» тобы өнер көрсетеді. Мерекелік концерт сағат 22:00-ге дейін болады.

Айта кетейік, мерекелік концерттер қаланың барлық ауданында ұйымдастырылған.

Тегтер: алматыБірлік күнімереке

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz