Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаев қаласында Бірлік күні тойланып жатыр

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай, бүгін Алматы облысының орталығында салтанатты шара өтіп жатыр.

01.05.2023
Аймақ

Орталық алаңдағы концертке жиналған жұрттың қарасы көп. Түрлі этнос өкілдері өздерінің ұлттық киімдерін киіп, ән шырқап, би билеп жатыр. Бұдан бөлек, алаңда әр ұлттың тарихынан, мәдениетінен сыр шертетін көрмелер ұйымдастырылған. Салтанатты шараға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев те қатысып, жұртшылықты мерекемен құттықтады.

«Бұл мереке – біздің халықтың ынтымағы мен бірлігінің, берекелі тірлігінің нәтижесі. «Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады» деген ата-бабаларымыздың асқақ арманының орындалғаны», — деді әкім Марат Сұлтанғазиев.

Облыс әкімі жуырда өткен ҚХА-ның 32-сессиясы жайлы да сөз етті.

«Президентіміз: «Халқымыздың ынтымақ-бірлігі бұл – тағдырдың бере салған сыйы емес. Бұл – ең алдымен, жұртымыздың күнделікті табанды еңбегінің арқасы екенін дұрыс түсінуіміз керек. Сондықтан біз бірлігімізді күн сайын нығайтып отыруымыз қажет» деп атап өтті. Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің басты байлығымыз. Сол құндылықты қастерлеу – баршамыздың қасиетті парызымыз. Бұл жетістікті бағалау, оны көздің қарашығындай сақтау жолында аянбай еңбек ету – әрбір азаматтың міндеті. Халық бірлігі мерекесі күні еліміз ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді. Мереке құтты болсын!», — деді өңір басшысы.

Орталық алаңдағы сауық-сайран түскі сағат 14.00-ге дейін жалғасады.

Тегтер: Алматы облысыБірлік күніҚонаев қаласымереке

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz