Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта «Бірлік fest» фестивалі өтті

Алматы облысының орталығында Қазақстан халқының бірлігі күніне орай, фестиваль ұйымдастырылды.

30.04.2023
Аймақ

Қонаевтағы орталық саябаққа еңкейген қариядан, еңбектеген балаға дейін жиналды. Ұлттық киімдерін киіп келген тұрғындар бірін-бірі мамырдың жайма шуақ мерекесімен құттықтады. Жастар ресурстық орталығы ұйытқы болған шарада қазақтың ұлттық тағамдары, яғни бауырсақ, қымыз, шұбат таратылды. Орталық басшысы Мақсат Кенешев жиылғандарды ел үшін аса маңызды мерекемен құттықтап, ақжарма тілегін жеткізді.

«Түрлі этнос өкілдері бір шаңырақтың, бір тудың астынан табылып, іргелі мемлекет атандық. Татулық пен тұтастықта, ынтымақта күн кешіп, тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай! Ел келешегі — жастардың қолында. Сондықтан, бірлігі бекем Отанымыз үшін жаңа белестерді бағындыру жолында еңбек етедi деп сенемін», — деді жастар ресурстық орталығының басшысы Мақсат Құлтайұлы.

Кеште жастар жанынан құрылған «Шаңырақ» әншілер клубының тұсауы кесілді. Олар концерттік бағдарламасын ұсынып, кеш бойы көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мұнымен қоса, жас буын арқан тартыс, қашықтыққа жүгіру сынды спорттық ойындардан сынға түсіп, өзара бақ сынады. Жарыс жеңімпаздары алғыс хаттар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«Кенгуру жарысына қатысып, жүлделі бірінші орынды иелендім. Жастар үшін осындай шаралардың жиі өтуі маңызды деп ойлаймын. Алған әсерімді сөзбен жеткізе алмаймын. Барша жерлестерімді бірлік күнімен құттықтағымк еледі», — деді қала тұрғыны Ильназ Төлеген.

Тегтер: Алматы облысыБірлік күнімереке

Соңғы жаңалықтар

Alatau City-де KAIST филиалын ашу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі таныстырылды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Алматы облысында инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Қонаевта дәрігерлер асқазан қатерлі ісігінің асқынған түріне күрделі ота жасады

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Қазақстандық оқушылардың 2026–2027 оқу жылындағы каникул кестесі бекітілді

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Іле ауданында егін жинау науқаны қарқын алды: алғашқы өнім жиналып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz