Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Жетісу облыстық сотының лауазымды тұлғасы жазаға тартылды (видео)

Жетісу облыстық полиция департаменті далаға лақтырылған Елтаңба оқиғасына қатысты бірден шара қабылданғанын жеткізді.

30.04.2023
Аймақ

Аталған факті бойынша облыстық сот әкімшілігінің Инфрақұрылымды дамыту бөлімінің басшысы жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

«Жетісу облысының полициясы Талдықорған қаласындағы облыстық сот ғимаратының жанынан тасталған күйінде табылған Елтаңбаның макеті бейнеленген видеоны зерттеді. Жауапты тұлғалардың әрекеті әкімшілік заңнамада көзделген құқық бұзушылық деп танылғанын хабарлаймыз. Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 418-бабының 1-1-бөлігіне сәйкес облыстық сот әкімшілігінің Инфрақұрылымды дамыту бөлімінің басшысы жауапкершілікке тартылды», — деді Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі.

Айта кетсек, бірер күн бұрын әлеуметтік желіде Талдықорған тұрғындарының бірінің парақшасында жерде жатқан Мемлекеттік Елтаңбаның видеосы жарияланды. Кадрдан мемлекеттік рәміздің Жетісу облыстық соты ғимаратының жанында жатқанын көруге болады. Бұған қатысты, алдымен облыстық прокуратура, одан кейін облыстық соттың өзі түсініктеме берген болатын. Соңғысының түсініктемесінде сыртта жатқан облыстық сот ғимаратында ішінара жөндеу жұмыстарының басталуына байланысты ауыстырылған Елтаңбаның макеті екені айтылады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Сандугаш Дуйсенова (@angry_taldyk)

Тегтер: елтаңбажазаЖетісу облысықылмыстық ісТалдықорған

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz