Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда 14,4 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді

2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 14 417 шетел азаматы еңбек етеді.

28.04.2023
Жаңалықтар

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, шетел жұмыс күшін (ШЖК) тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 584 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 3 028 рұқсат (екінші санат). Тартылған ШЖК негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 7 186 және 881 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1 302 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 1 437 адам тартылды.

«Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 693 жұмыс беруші бар. Оларда 407,9 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96%-ы.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 5 262 адам (37,3%); тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 441 адам (10%); ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 143 адам (8%); кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 979 адам (7%); өңдеу өнеркәсібі – 883 адам (7%)», — деп жазды ведомстводан.

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 3 493 адам (25%), Түркия – 1 523 адам (11%), Үндістан – 1 722 адам (12%), Өзбекстан – 1461 адам (9,3%).

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді және бөледі. 2023 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,24% немесе 22 260 бірлік мөлшерінде белгіленді.

Тегтер: жұмысҚазақстаншетел азаматтары

Соңғы жаңалықтар

Алматы бастаған үш қалада баспана бағасы күрт өсті – сарапшылар не дейді?

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Наурыз айындағы демалыс кестесі жарияланды: 13 күндік демалыс күтіп тұр

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында жаңа Конституцияны қолдауға арналған концерт өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында 25 ақпанда дабыл сиренасы іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының энергетиктері жаңа Конституцияны қолдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz