Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында кооператив текшесі 78 тиын тұратын суды шаруаларға 28 000 теңгеден сатқан — Антикор

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті өңірдің ирригациялық желілерінің қызметіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

27.04.2023
Аймақ

2015 жылдан бастап өңірде 24 ауыл шаруашылығы кооперативі жұмыс істеген, олар суды Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналынан 1 текше су үшін 78 тиыннан алып, ал шаруаларға бір гектар жер үшін 20 000-28 000 теңгеден берген, осылайша монополист рөлін атқарып отырған.

«Шаруа қожалығының меншік иесінің айтуынша, бір маусымда ол 60 гектар жерді суарғаны үшін 1 млн теңгеден астам ақша төлеген. Қалыптасқан жағдай, суармалы суды жасанды түрде жоғарғы бағаға көтермелеуі арқылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің құқықтарының бұзылуына алып келді», — деп мәлімдеді антикор.

Шаруа қожалықтарының құқықтарын қалпына келтіру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынысы бойынша облыс әкімдігі «Алматы облыстық Су шаруашылығы» коммуналдық кәсіпорны түріндегі су шаруашылығының бірыңғай операторын құрып, оның балансына барлық суару желілерін өткізді. Қазіргі таңда кәсіпорын арналарды тазартумен айналысып жатыр.

 

1 of 3
- +

Сонымен қатар БАК пен шаруа қожалықтары арасында бастапқы құны 1 текше су үшін 70 тиын болатын шарттарды тікелей жасасу рәсімі басталды.

Сондай-ақ, АШК сыбайлас жемқорлық субъектісі болып табылмайтынын ескере отырып, облыс прокуратурасымен бірлесіп олардың қызметіне тексеру іс-шараларын жүргізу мәселесі талқыланып жатыр.

Нәтижесінде, биыл 30 000-ға жуық шаруа және фермер қожалықтары суды қолайлы бағамен алады, бұл болашақ егінге және ауыл халқының әл-ауқатына оң әсер етеді.

Тегтер: Алматы облысыантикор

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық банк: инфляция 11,7%-ға дейін төмендеді

Қорлан Нұрланқызы
07.03.2026

СІМ қазақстандықтарға Таяу Шығыстағы бірқатар елге бармауға кеңес берді

Қорлан Нұрланқызы
07.03.2026

Қонаевта өңір дамуына үлес қосқан әйелдер марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
07.03.2026

Алматы облысында агросаланың болашағы талқыланды

Мөлдір Иманмади
06.03.2026

Dolce компаниясының ұжымы: Жаңа Конституция – ел дамуы үшін маңызды

Қорлан Нұрланқызы
06.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz