Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Тауарлар кодын іздеудің онлайн-сервисі іске қосылды

Мемлекеттік кірістер комитеті тауарлар кодын іздеудің онлайн-сервисі іске қосылғанын мәлімдеді.

26.04.2023
Жаңалықтар

«Кедендік рәсімдеуді жүргізу кезінде маңызды процестердің бірі кедендік төлемдерді есептеу, тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын айқындау, лицензиялар алу үшін пайдаланылатын тауарлардың кодын нақтылау болып табылады. Тауардың дұрыс кодын таңдау – кедендік рәсімдеудің жылдам өтуінің кепілі. Тауар кодын дұрыс анықтамау кедендік төлемдер мен салықтарды дұрыс есептемеуге әкелуі мүмкін, бұл сыртқы экономикалық қызметке қатысушының беделіне теріс әсер етеді және әкімшілік жазаға әкелуі мүмкін», — деп жазды ведомстводан.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті қызметін сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға барынша ыңғайлы етуге шаралар қабылдауда.

Осы мақсатта бүгінгі күні keden.kz сілтемесі бойынша сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға сыртқы экономикалық қызмет тауарлар номенклатурасының кодын іздеудің онлайн-сервисі ұсынылды. Бұл сервис өзекті болып табылады және оны одан әрі жаңарту Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімдері негізінде жүзеге асырылатын болады.

Тегтер: кодтовар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қылмыстық және әкімшілік амнистия кімдерге қолданылады?

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Тоқаев Пәкістан премьер-министріне хат жолдады

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында тағы бір ауыл алкоголь өнімдерін сатудан бас тартты

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында IT мен дрондарды басқаруды үйрететін жаңа әскери жоба іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Қазгидромет: шілдеде ыстық 50 градусқа дейін жетуі мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz