Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Сұхбат

Жетісу облысының әкімдігі жарты миллиард теңгеге жуық қаржыға көлік алады

Жетісу облысының әкімдігі 469 миллион теңгеге 28 көлік сатып алу үшін тендер жариялады. Әр көліктің бағасын 16 млн 750 мың теңгеге белгілеген.

25.04.2023
Сұхбат

«Жетісу облысының басқармаларында көліктер бар. Бірақ ескі. Сонымен қатар кейбір басқармаларда автокөлік мүлдем жоқ. Мысалға туризм, жер, тағы бір екі басқармада көлік жоқ», — деді Жетісу облысы әкімдігі аппараты қаржы шаруашылық бөлімінің басшысы Талап Шаухаров.

Жалпы Жетісу облысының әкімдігінде 23 басқарма бар. Оның тек үшеуінде ғана автокөлік жоқ. Бірақ Жетісу облысының әкімдігі бірден 23 басқарманың барлығына, одан бөлек мәслихатқа, әкім аппаратына жаңа темір тұлпар алмақ. Қазір осы 28 көлікті сатып алу үшін 469 миллион теңгеге тендер жариялаған. Ондағы әрбір көліктің бағасы 16 миллион 750 мың теңгеге белгіленген.

Ал Парламент мәжілісінің депутаты Қарақат Әбденнің айтуынша, елдегі мемлекеттік қызметкерлер қызметтік көліктерінен түсіп, астаналық шенеуніктер сияқты таксиге міну керек. Сонда бюджет шығыны бес есеге дейін азаяды. Және бұл әлемдік тәжірибеде де бар.

Депутаттың сөзінше, қазір қажет емес шығындарды қысқартып, үнемдеу тәсілдерін енгізген дұрыс. Жыл сайын қымбат көліктерді алмастырып, жаңартып сатып алу, жүргізушілерге ай сайын жалақы төлеу, әрі көліктердің күтімі мен салығына, жөндеу жұмыстары кететін ақша — үлкен шығын.

Сондай-ақ, депутат егер әкімдік расымен де көлікке мұқтаж болса, қолжетімді, қымбат емес әрі отандық өндірушілердің көліктерін таңдаған жөн екенін айтты.

Айта кетсек, жуықта Президенттің өзі де шенеуніктерге халықтың жағдайын білу үшін көліктерінен түсіп, жаяу жүруге кеңес берген еді.

Тегтер: Жетісу облысыкөлікқаржытендер

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қонаевта кәріз тазарту жүйесінің құрылысы жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz