Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Кәрім Мәсімов 18 жылға сотталды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасына үкім шығарылды.

24.04.2023
Жаңалықтар

Ол 18 жылға бас бостандығынан айырылды.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Кәрім Мәсімовке (ҚР ҰҚК бұрынғы төрағасы), А. Садықұловқа, Д. Ерғожинге, М. Осиповқа (ҚР ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасарлары) қатысты қылмыстық іс бойынша үкім олардың қатысуымен жарияланды. Сот істі «өте құпия» деген белгімен қарады.

Кәрім Мәсімов пен А. Садықұлов мемлекетке опасыздық жасады (ҚК 175-бабының 1-бөлігі), ҚР-да билікті күшпен басып алды (ҚК 179-бабының 3-бөлігі) және билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланды (ҚК 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы) деп айыпталды.

Д. Ерғожинге ҚР-да билікті күшпен басып алды, (ҚК 179-бабының 3-бөлігі) және билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланды деген, (ҚК 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы). Ал М. Осиповке билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланды деген айып тағылды. (ҚК 362-бабының 3-бөлігі).

Кәрім Мәсімов ҚК-нің 175-бабының 1-бөлігі, 179-бабының 3-бөлігі, 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылды, жазаны ішінара қосу арқылы 18 жылға бас бостандығынан айыру, мүлкі тәркіленіп, өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

А. Садықұлов ҚК-нің 175-бабының 1-бөлігі, 179-бабының 3-бөлігі, 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылды, жазаны ішінара қосу арқылы 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан айырылды.

Д. Ерғожин ҚК-нің 179-бабының 3-бөлігі, 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылды, жазаны ішінара қосу арқылы 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан айырылды.

М. Осипов Қылмыстық кодекстің 362-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және оған мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

К. Мәсімов, А. Садықұлов, Д. Ерғожин және М. Осипов генерал атақтарынан және мемлекеттік наградалардан айырылды.

Мемлекет кірісіне 10 млрд теңгеден астам қаржы мен 24 млн АҚШ доллары өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Тегтер: Кәрім Мәсімовқылмыстық ісүкім

Соңғы жаңалықтар

Стандарты служебной этики государственных служащих

Николай Иващенко
20.03.2026

Добраться на аэротакси из Алатау до Алматы можно будет за 10 минут – Бозумбаев

Николай Иващенко
20.03.2026

Алатау — город будущего: ряд мировых компаний планируют запустить свои проекты в новом городе

Николай Иващенко
20.03.2026

ИИ-лекции и открытые встречи прошли по всей стране в рамках Digital Nauryz

Николай Иващенко
20.03.2026

Молодежный форум прошел в Талгарском районе

Николай Иващенко
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz