Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Банкроттық рәсімдеуге 3 мыңнан астам алматылықтан арыз түсті

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің өкілі мәлім етті.

24.04.2023
Аймақ

3 наурыздан бастап азаматтардан банкроттық рәсімдерді қолдану туралы арыздарды қабылдау басталды, бүгінде алматылықтардан 3 662 өтініш түсті.

Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қарыздармен жұмыс істеу бөлімінің басшысы Айдос Будугуловтың сөзінше, 24 сәуірдегі жағдай бойынша 3 662 азаматтан өтініш түсті.

«3662 арыздың 3055-і қаралды. Оның ішінде 503 азаматқа қатысты соттан тыс банкроттық рәсім жүргізілді, бұл түскен өтініштердің 14% пайызы. Сонда-ақ өтініш берушілердің 362-і атаулы әлеуметтік көмек алады», — деді Айдос Будугулов.

Айтуынша, 2 552 арыз соттан тыс банкроттық бойынша өтініш беруден бас тартты.

«Соттан тыс тәртіпте банкроттық туралы өтініш бергенде белгілі бір талаптар қойылады. Азаматтар бұл тәртіпті 1600 АЕК-тен жоғары (2023 жылы – 5 млн 520 мың теңге) және кредиторлар алдындағы берешектердің барлық түрлері бойынша қолдана алады», — деп нақтылады брифинг спикері.

Айдос Будугулов өзін банкрот деп жариялағысы келетін жеке тұлғалардың әрбір өтініші 15 жұмыс күні ішінде қаралатынын атап өтті.

«Банкроттық рәсімінің өзі 6 айға созылады, оның мерзімі өткеннен кейін банкрот деп танылған азаматтардың тізімі уәкілетті органның ресми сайтында жарияланады. Соттан тыс банкроттық туралы өтініш беру үшін азаматтар «e-Salyq Azamat» қосымшасы арқылы, сондай-ақ азаматтарға арналған Үкімет порталына жүгіне алады. Сонымен қатар, ХҚО арқылы қағаз жүзінде өтініш беруге болады. Ал соттың банкроттық рәсімінен өтуі үшін тұрғылықты жері бойынша сотқа жүгіну қажет», — деді ол.

Тегтер: алматыбанкротөтініш

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz