Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында жас фельдшер жедел жәрдем көлігінде әйелді босандырды

Сағат 21:30-да облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек пультіне Талғар ауданының Дәулет кентіне жүкті әйелге шақыру келіп түсті.

24.04.2023
Аймақ

17/18 бригадасының кезекші — жас фельдшері Ернар Шалабай шақыруға шықты.

«Мен жүкті әйелді Іле ауданындағы ең жақын ауруханаға апаруды шештім. Бірақ бес минуттан кейін босанудың белсенді кезеңі басталып, жедел жәрдем көлігінде босандыруға тура келді. Әйелді аман-есен босандырып, нәрестенің кіндігін кестім. Әйел мен жаңа туған қыз Іле аудандық ауруханасына жеткізілді», — деді ол.

Ернардың айтуынша, жедел жәрдем бөлімшесінде 2017 жылдан бастап, ал соңғы үш айда Талғар ауданында жұмыс істейді. Оның тәжірибесінде жедел жәрдемде босандыру алғаш рет. Алайда осы уақытқа дейін ол үйде де әйел адамды босандырып алған.

Ернар Шалабай 1994 жылы Райымбек ауданында дүниеге келген. Ол әрдайым медициналық салада жұмыс істегісі келетінін айтады, бірақ отбасында бірде-бір дәрігер жоқ. Жігіттің дәрігер болуына анасы ықпал еткен. Ол бала күнінен анасын өзі емдеп, диагноз қойып, дәрі-дәрмек беріп, емдеуді армандаған екен.

Тегтер: Алматы облысыжедел жәрдем

Соңғы жаңалықтар

Үш күнде 760 тонна қоқыс: Алматы облысында ауқымды тазалық акциясы өтті

Қорлан Нұрланқызы
03.05.2026

Алматы облысында мал ұрлығымен айналысқан екі қылмыстық топ ұсталды

Қорлан Нұрланқызы
03.05.2026

«Қыз Жібек» түсірілген Күрті су қоймасы қайта жанданды: туристер легі артып, ауқымды сенбілік өтті

Қорлан Нұрланқызы
02.05.2026

«Таза Қазақстан»: Байсеркеде ауқымды сенбілік өтті

Қорлан Нұрланқызы
02.05.2026

Іле ауданында Бірлік күніне орай сенбілік өтті

Қорлан Нұрланқызы
01.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz