Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Қазақстанда 2025 жылдан бастап аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері сайланады

Үкімет отырысында Мемлекет Басшысының тапсырмаларын іске асыру шаралары талқыланды.

24.04.2023
Саясат

«Әкімшілік реформа бойынша жұмыс жалғасады. Мәселен, 2023-2024 жылдары аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің тікелей сайлауын пилоттық режимде, ал 2025 жылдан бастап – барлық жерде өткізу жоспарланып отыр», — делінген Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Президент тапсырмаларын орындау нәтижесінде қазақстандықтардың өмір сапасы айтарлықтай жақсаруы тиіс деді Смайылов.

Үкіметте ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Мемлекет басшысының 19 сәуірдегі еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңейтілген кеңесте берген тапсырмаларын жүзеге асыру шаралары қаралды.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров ЖІӨ өсімін 6% деңгейінде қамтамасыз ету мақсатында экономика салаларында өсудің қосымша көздері пысықталатынын баяндады. Атап айтқанда, тау-кен өндіру секторын дамытуға, оның ішінде ірі мұнай-газ жобаларын, өңдеу өнеркәсібін, АӨК, ШОБ және қызмет көрсету секторын жандандыруға баса назар аударылатын болады.

Макроэкономикалық саясаттың теңгерімділігін жақсарту мақсатында бюджет тапшылығын азайту, мемлекеттік қарызды тұрақтандыру және Ұлттық қордан түсетін трансферттерді қысқарту бойынша шаралар қабылданады. Бюджеттің теңгерімділігі мұнайға қатысты емес түсімдерді ұлғайту есебінен, оның ішінде тиімсіз салықтық жеңілдіктерді алып тастау есебінен қамтамасыз етіледі.

Инфляцияны төмендету мақсатында Ұлттық банкпен бірлесіп өзектендірілген тиісті Кешенді жоспарды іске асыру жалғасады. Ішкі нарықты отандық өніммен толтыру арқылы азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыруға басты назар аударылатын болады.

Жаңа Салық кодексі шеңберінде қосылған құны жоғары өнім өндіруге инвестициялар тартуға және технологиялық экспортты ынталандыру үшін салық жеңілдіктерін қайта бағдарлау, сондай-ақ жұмыс орындарын ашу, қайта өңдеу нысандарын салу, әлеуметтік міндеттемелерді орындау есебінен қатты пайдалы қазбаларды өндіру бойынша рентабельділігі төмен жаңа жобаларға салық жүктемесін азайту мәселелері пысықталып жатыр.

Қазіргі кезде электрмен, жылумен, сумен қамтамасыз ету және су бұру жүйелерінің тозуын азайту мақсатында «Тарифті инвестицияға айырбастау» қағидатына көшу жұмыстары басталды. Бүгінгі таңда тарифтерді өзгертудің барлық құқықтық негіздері қалыптастырылды. Бұл ретте, олардың өсімі өңірлердегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды ескере отырып, кезең-кезеңімен орын алатын болады. Сонымен қатар барлық тұтынушылар үшін коммуналдық қызметтердің әділ құнын қамтамасыз ету мақсатында тұтынудың әлеуметтік нормасын енгізу тетіктері әзірленетін болады.

Тегтер: Әлихан СмайыловҮкімет отырысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz