Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

«Алма-Арасан» шатқалынан өрт шықты

«Алма-Арасан» шатқалында таулы жерде құрғақ шөп пен ағаштар өртенді, деп хабарлайды alataunews.kz.

24.04.2023
Арнайы жоба
Фото: Алматы обл. ТЖД баспасөз қызметі

Фото: Алматы обл. ТЖД баспасөз қызметі

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше сағат 16:28-де кезекші бөлімнің пультіне «Алматы-ҮАК» автожолынан 6 шақырым жерде, «Алма-Арасан» шатқалында құрғақ шөп пен ағаштардың жанғаны туралы хабарлама келіп түскен. Шақырту орнына Алматы облысы мен Алматы қаласының ТЖД, «Іле Алатау табиғи паркі» МҰТП күштері мен құралдары жіберілді. Оқиға орнына сағат 17:09-да келгеннен кейін таулы жерде құрғақ шөп пен ағаштың (шыршаның) жанғаны анықталды. Аумақтың кімге тиесілі екені анықталып жатыр. Бірлескен жедел қабылданған іс-қимылдармен өрт сағат 18:16-да сөндірілді. Өрттің аумағы шамамен 500 шаршы метрді құрады. Дрон камерасында тепловизорды пайдалана отырып, жасырын жану ошақтарының бар-жоғына аэровизуалды тексеру жүргізілді.

Өртті сөндіруге барлығы 75 адам және 18 техника, оның ішінде Алматы облысы ТЖД-дан 31 қызметкер, 7 техника мен 1 дрон, Алматы қаласы ТЖД-дан 25 қызметкер мен 6 техника, «Іле Алатау табиғи паркі» МҰТП-дан 19 қызметкер мен 5 техника жұмылдырылды.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Мемлекеттік ұлттық табиғи парктің қызметкерлері жану орнында қарауылдау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Тегтер: Алма-АрасанөртТЖДшатқал

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Жаңа Конституция: адам құқықтары мен бостандықтары – мемлекеттің басты құндылығы

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz