Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Жетісу облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Ертең, 22 сәуірде қолайсыз ауа райына байланысты еліміздің 9 облысында ескерту жарияланды, деп хабарлайды alataunews.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

22.04.2023
Аймақ

Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 25 м/с құрайды. Түнде облыстың басым бөлігінде суық ауа температурасы сақталады: -1-6 °C. Талдықорғанда түнде суық болады: -4-6°C.

Күндіз Ақмола облысының солтүстік-батысында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп болжанып отыр.

Атырау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды деп болжанады. Облыстың шығысында оңтүстік-шығыстан батысқа ойыса соққан желдің екпіні — 15-20 м/с. Атырауда түнде және таңертең найзағай ойнауы ықтимал.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Оралда күндіз шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні — 18 м/с.

Күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шығыстан жел соғады, күндіз өңірдің солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады, екпіні — 15-20 м/с.

Таңертең және түстен кейін Қостанай облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды деп болжанады. Түнде облыстың оңтүстігінде тұман болады. Облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні — 15-20 м/с. Қостанайда күндіз оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында шаңды дауыл тұрады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде облыстың шығысында көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі.  түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Тегтер: ауа райыЖетісу облысыҚазгидрометТалдықорған

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында Жеңіс күніне арналған ауқымды еске алу шаралары өтті

Қорлан Нұрланқызы
09.05.2026

Марат Сұлтанғазиев Мәңгілік алауға гүл қою рәсіміне қатысты

Қорлан Нұрланқызы
09.05.2026

Алматы облысында 9 мамырда найзағай ойнап, жел күшейеді

Қорлан Нұрланқызы
09.05.2026

Алматы облысында соғыс ардагерлеріне 5 миллион теңгеден берілді

Қорлан Нұрланқызы
09.05.2026

Президент Қазақстан халқын Жеңіс күнімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
09.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz