Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында 600 адам далада қалуы мүмкін

Ауыл әкімі «тұрғындарға бір жыл бұрын ескерттік» деп сендірді.

21.04.2023
Аймақ

Алматы облысында 600 адам далада қалуы мүмкін. Көкөзек ауылына қысымы жоғары газ құбыры түсетіндіктен, 137 үй сүрілмек, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Шатырын құрап, шаңырағына орналасып алған жұрт қуанышының ұзаққа бармағанын айтады. «Қоныс тойын енді жасаймыз» деген олар көршілерімен танысып та үлгермепті. Жаңадан көшіп келгендер бұл жер телімінің қызыл сызыққа енгенін жақында білген. Ал заң бойынша ондай аумаққа құрылыс нысаны түспеуі керек.

«Алматы-Байсерке-Талғар газ магистральінің екінші тармағы өтетіндіктен бүкіл үйді сүрмекші. Бұл жерде мүгедек отбасы, жалғызбасты аналар, көпбалалы аналар бар. Енді 137 үйде 600-ден аса тұрғын бар, біз қайда барамыз?», – деді Көкөзек ауылының тұрғыны Жанар Сейітқожаева.

Ал бұл отбасы қазір пәтер жалдап тұрады. Қар еріп, күн жылынса, «үйдің құрылысын бастаймын» деп қазық қағып кетіпті. Құрылыс материалдарын сатып әкеліп, тасын да түсіріп қойған.

«Желтоқсан айында 6 соттық жерді 1,5 миллион теңгеге сатып алғанбыз. Көктемде құрылыс жұмысын бастаймын деп ойлағам», – деді Көкөзек ауылының тұрғыны Мейрамхан Бекшетаева.

Ал ауыл әкімі «тұрғындарға бір жыл бұрын ескерттік» деп сендірді. Оның айтуынша, жоғары қысымды газ құбыры түсетіндіктен, маңайында үй болмауы керек.

«Қарасай ауданы жер қатынастар бөлімімен тендер берілді. Бағалаушылар осы маңайдағы тұрғын үйдің құнын анықтайды. Соған сәйкес шығын өтеледі. Ал келіспесе, сот арқылы жүзеге асырылады. Келісіп жатқан отбасы бар, олардың санын қазір нақты айта алмаймын. Жұмыс жүріп жатыр», – деді Елтай ауылдық окургінің әкімі Біржан Махатов.

Көпшіліктің айтуынша, қызыл сызыққа үйлерден бөлек, мектеп пен дәрі-дәрмек шығаратын зауыт та түсіп тұр. Бірақ әкімдік өкілдері мектептің қауіпті аймақтан алыс жатқандығын айтып отыр. Дәрі шығаратын зауыттың да тек қосалқы ғимараты сүрілмек. Ал алаңдаулы ауыл адамдарының тағдыры тендерге қарап тұр.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

Қонаев жастары Іле жағасынан 9 тоннадан астам қоқыс жинады

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

Алматы облысында 500 млн теңге алимент өндірілді: 13 борышкерге қылмыстық іс қозғалды

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

Алматы облысында алаяқтарға алдана жаздаған әйелді полиция құтқарып қалды

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz