Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Парламент мәжілісіне экс-кандидат балалардың арманын орындады

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына бұрынғы кандидат Шолпан Бертісбаева тұрмысы төмен отбасына тоңазытқыш сыйлады, деп хабарлайды alataunews.kz.

20.04.2023
Аймақ
Фото: alataunews.kz

Фото: alataunews.kz

Алматы облысы Іле ауданы Казцик ауылында 6 балалы жалғызбасты ана Нелли Петрова бұған дейін көпшіліктен көмек сұраған еді. Оның кәмелетке толмаған 6 баласы бар. Ең үлкені 14, ең кішісі 2 жаста. Көпбалалы ана жұмыс істемейді, өйткені кішкентай балаларын тастайтын жер жоқ. Балабақшаға орналастырайын десе, бүлдіршіндердің киерге киімі жоқ.

«Әу баста бәрі жақсы болды. Маған қоғамдық қор көмектесіп, осы үйді алып берді. Көпбалалы ана ретінде алғысым шексіз. Өкініштісі, осы үйге көшіп келгелі проблема көбейді. Жаңа үйімізді жөндеу үшін 1 миллион теңге кредит алдым», — дейді Нелли Петрова.

Дәл сол кезде күйеуі емделемін деп төсек тартып жатып қалады. Үйді жөндеуге алынған 1 миллион теңге отағасын аяғынан тік тұрғызуға жұмсалады.

«Күйеуім денсаулығы түзелген соң араққа салынып кетті. Аузы құрғамайтын болды. Үлкен ұлымды ұрып, балаларға маза бермеді. Қазір сол күйі ішіп кетті, мен жалғыз қалдым», — дейді көпбалалы ана.

Қазіргі күні Нелли Петрова несиеге 70 мың төлейді. Балаларға киім, тамақ алуға жалғызбасты ана тағы бірнеше жерден несие алған. Қазір ол несиелердің біразы төленбей тұр. Нелли Петрованың банктердің біріне 106 мың теңге төленбеген несиесі бар.

Жақында Неллидің үйінде ақ түйенің қарны жарылған күн болды. Азыққа әрең қолы жетіп жүрген отбасына экс-кандидат Шолпан Бертісбаева тоңазытқыш сыйлады. Шолпан Бертісбаеваның айтуынша, мәселе депутат болуда емес, депутат болмасаң да халыққа қызмет етіп, қайырымдылық жасауда.

Тегтер: Алматы облысыІле ауданы

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz