Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

Жабайы өсімдік түрлерін пайдаланушылар салық төлейді

Жабайы өсімдік түрлерін пайдаланушылар келесі жылдан бастап салық төлейді.

20.04.2023
Қоғам

Төлемақы мөлшерлемелерін республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттары белгілейді, деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметінен.

Салық заңнамасына енгізілген өзгерістеріне сәйкес 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап орманды пайдаланғаны үшін төлемақы жаңа ережелермен толықтырылып, орман және өсімдіктер ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы болып қолданысқа енгізіледі (Салық кодексінің 69-тарауының 6-параграфы).

Мәселен, егер қазіргі уақытта мемлекеттік орман қоры және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың (оның ішінде дәрілік өсімдіктер, жабайы жемістер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер) аумағындағы объектілерге ғана салық салынатын болса, келесі жылдан бастап салық салу объектілеріне осы аумақтан тыс жерде жиналатын өсімдіктердің жабайы түрлері де енгізілген.

Мемлекеттік орман қоры аумақтарынан және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардан тыс жиналатын фармацевтикалық, азық-түлік және техникалық қажеттіліктер үшін өсімдіктердің жабайы түрлері бойынша төлемдер өсімдік ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ретінде қаралады және өсімдіктердің жабайы түрлерін дайындау (жинау) кезінде алынады.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді органдары (мәслихаттар) өсімдіктердің түрлерін, өсімдіктердің жабайы түрлерін жинаудың бір килограмы үшін төлемақы мөлшерлемелерін белгілейді, сондай-ақ төлемақы сомасын есептейді.

Өсімдіктер дүниесін арнайы пайдалану тәртібімен өсімдік ресурстарын пайдалану құқығы жабайы өсімдіктерді дайындау (жинау) туралы төлемақы төленген және хабарлама жіберілген жағдайда беріледі.

Өсімдіктердің жабайы түрлерін дайындауды (жинауды) жүзеге асыратын тұлғалар тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жылдық төлемақы сомасынан тең үлестермен өсімдіктерді дайындап, жинаған орны бойынша бюджетке төлемақы төлейді.

Төлемақы бойынша салық есептілігі ұсынылмайды.

Тегтер: жабайы өсімдікзаңсалық

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының кәсіпкерлері референдум қарсаңында тың бастама көтерді

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Екі айда 2,9 трлн теңге: бюджет кірісі жоспардан асты

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында референдум: өз сайлау учаскеңізді қалай білуге болады?

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан шетелдегі мекемелерін күшейтілген режимге көшірді

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz