Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

Алматылық екі тұрғын қазақстандықтарды әлеуметтік желі арқылы 2 млн теңгеге алдаған

Атырауда Instagram арқылы бірнеше қаланың тұрғындарын алдаған күдіктілер ұсталды.

20.04.2023
Қоғам
Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі

Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 18 сәуірден бері «Anti-fraud» іс-шарасы өтіп жатыр.

«Атырау облысы полиция департаменті мен Талдықорған қалалық полиция басқармасының киберқылмысқа қарсы күрес қызметкерлері бірлескен жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде қылмыстық топты ұстады. Күдіктілер Instagram әлеуметтік желісінде жалған парақша ашып, Iphone телефонын алаяқтық мақсатпен саудалаған. Қымбат маркалы телефонды нарықтағы құнынан арзанға сатып алмақ болған тұрғындар ақшасын алаяқтарға аударған. Ал, алаяқтар ақшаны қолма-қол шығару арқылы дропперлерге, кейін өздерінің есепшотына аударып отырған», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Алаяқтарға алданған жәбірленушілер арасында Семей, Алматы, Астана, Қарағанды, Ақтөбе, Ақтау, Өскемен, Шымкент, Орал қалалары мен Ұлытау, Павлодар облыстарының тұрғындары бар.

Ұсталған 18 және 56 жастағы күдіктілер – Алматы қаласының тұрғындары.

«Күдіктілерден екі IPhone 14 және IPhone 12, IPhone 6s , Samsung, ноутбук, 12 SIM-карта, Beeline модемі, түбіртектер тәркіленді. Жәбірленушілерге келген шығын көлемі 2 млн теңгеге жуық екені анықталды. Қазір ұсталған күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-поцестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Тегтер: алматықылмыстық топ

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz