Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Жетісу облысында шаруалар еккен жүгері өнімдерін сата алмай отыр

Жетісу облысында жүгері еккен шаруалар өнімдерін өткізе алмай жатыр. Себебі, нарықта бұл өнімнің бағасы арзандап кеткен.

20.04.2023
Аймақ

Қазір Панфилов ауданына қарасты Алмалы ауылындағы шаруалардың жүгерісі қоймаға сыймай, далада жатыр. Диқаншылардың сөзінше, олар 2 мың тоннадан артық өнімін өткізе алмай жүр. Себебі, жүгері қабылдайтын жердің бағасы шығынымызды ақтамай тұр дейді.

«Былтырғы жылғы өнімімізді әлі өткізе алмай, сонымен қан қақсап отырмыз. Еш жер алмайды. Бағаның барлығын төмен түсіріп тастаған. Әр қайсысымызда 4-5 гектар жеріміз бар. Басқа жүздеген гектар жеріміз жоқ. 4-5 гектардың өнімін өткізе алмай отырмыз. Былтыр келісі 120теңге болса, биыл 80 теңге», — деді Панфилов ауданының тұрғыны Қали Райымбеков.

Жетісу облыстық ауылшаруашылық басқармасының басшысы дер кезінде өнімдерін өткізбеген шаруалардың өзін кінәлап отыр. Себебі, күз науқанында жүгерінің келісі 120 теңгеден, оның сыртында 6 теңге мемлекеттен субсидия беріліп, қабылданғанын айтады. Яғни, шаруалар бір тонна жүгеріні 126 мың теңгеге сатқан. Енді, бағаның түсіп кеткеніне біз кінәлі емеспіз дейді.

«Дер кезінде өткізуі керек еді. Жүгерінің бағасы қымбаттайды деген оймен қамбаларында осы күнге дейін ұстап отырған. Біз, әрине, бұл мәселені қарастырамыз, бірақ бірде-бір кәсіпорынға мына жүгеріні ал деген міндет қоя алмаймыз», — деді Жетісу облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрдәулет Кененбаев.

Ал шаруалар Алмалы ауылы таулы аймақта орналасқандықтан, жүгері өзге ауылдарға қарағанда жай пісетінін айтады. Сондықтан дер кезінде өткізе алмадық дейді. Енді, диқандар былтырғы өнімдерін өткізбесе, биылғы егінін себе алмайды. Себебі, көктемнен бастап, ала жаздайғы еңбектері табысқа кенелтудің орнына шығынға батырып жатыр. Сондықтан, бұл іске министрліктің өзі араласып, шешіп беруін сұрап отыр.

Тегтер: Жетісу облысыжүгері

Соңғы жаңалықтар

Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтеді

Қорлан Нұрланқызы
10.05.2026

Астана аспанында әскери ұшақтар шеруі өтеді: 10 мамырдан жаттығу басталады

Қорлан Нұрланқызы
10.05.2026

11 мамыр күні ауа райы қандай болады?

Қорлан Нұрланқызы
10.05.2026

Аида Балаева Аналар күнімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
10.05.2026

Алматы облысында екі мектеп оқушысы суға батып кетті

Қорлан Нұрланқызы
10.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz